award-2023
Қазақстан, Астана қ., Абылай хан көшесі 42\1, кіру Минская көш., 24 (Майлин көш. бұрышы) жағынан

НЕЛІКТЕН ШЕТЕЛДІКТЕР ЕМДЕЛУ ҮШІН «UMIT» ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ТОМОТЕРАПИЯ ОРТАЛЫҒЫНА БАРАДЫ?

НЕЛІКТЕН ШЕТЕЛДІКТЕР ЕМДЕЛУ ҮШІН «UMIT» ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ТОМОТЕРАПИЯ ОРТАЛЫҒЫНА БАРАДЫ?

24.01.2022

Онкология шетелге емделуге барудың ең көп тараған себептерінің бірі болып табылады. Әдетте, қазақстандықтар мен көршілес елдердің тұрғындары Кореяға, Түркияға, Үндістанға емделуге барады. Әрине, бұл елдерде медициналық туризм арзан емес. Израиль, Германия, Испаниядағы дәрігерлердің қызметі одан да қымбат.

Бірақ бүгінде Қазақстанда көптеген онкологиялық ауруларды жоғары мамандандырылған емдеуге мүмкіндік бар екенін білетіндер аз. Астанаға, «UMIT» томотерапиялық онкологиялық орталығына сапалы әрі жоғары технологиялық ем алу үшін көптеген отандастар мен шетел азаматтары келеді.

Томотерапия жүйесі обырға қарсы сәулелік терапияның ең озық әдісі болып табылады. TomoTherapy – ісіктердің 3D кескінін жоғары тиімді, мақсатты сәулелік терапиямен біріктіретін бірегей жаңа технология. Қатерлі ісікке шалдыққан науқастар үшін бұл дәстүрлі сәулелік терапияға қарағанда жанама әсерлері аз, тезірек және тиімдірек емдеуді білдіреді.

Томотерапияның ми ісігі немесе омыртқаға немесе басқа өмірлік маңызды органдарға жақын жерде өсетін қатерлі ісік сияқты жету қиын аймақтардағы қатерлі ісіктерді емдеу мүмкіндігі бар. Томотерапия бірнеше ісіктерді, көптеген метастаздарды бір мезгілде емдеу үшін де қолданылады.

«UMIT» онкологиялық томотерапия орталығы ашылған сәттен бастап онкологиялық науқастар сияқты күрделі санаттағы науқастарға медициналық көмектің қолжетімділігі мен жоғары сапасын қамтамасыз етуді алдына мақсат етіп қойды. Орталық Accuray (АҚШ) компаниясы шығарған инновациялық TomoTherapy HD сәулелік терапия құрылғыларымен жабдықталған. Томотерапия - бұл онкологиялық науқастардың жайлылығы мен олардың өмір сүру сапасы туралы идеяны толығымен өзгертетін нәрсе.

НЕЛІКТЕН ПАЦИЕНТТЕР UMIT  ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ТОМЕРАПИЯ ОРТАЛЫҒЫН ТАҢДАЙДЫ?

1. Обырды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері

Онкологиялық науқас күрделі диагностика мен кешенді емдеуді қажет етеді. Обыр – бүкіл ағзаға әсер ететін ауру. «UMIT» онкологиялық томотерапия орталығы онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің ең заманауи, инновациялық әдістерін ұсынады:

Сәулелік терапия (томотерапия).

Химиотерапия.

Хирургиялық араласу.

Онкологиялық ауруларды диагностикалау үшін тексеру бағдарламалары.

2. Онкологиялық аурулардың кең спектрін емдеу

«Біз онкологиядағы барлық дерлік нозологияларды емдейміз. Ең жиі кездесетіндері – өңеш обыры, тік ішек обыры, жатыр мойны обыры, сүт безі обыры, қуық асты безі обыры, өкпе обыры, сонымен қатар бас миының, жұлынның ісіктері және т.б. іс жүзінде барлық қатты ісіктер», - дейді «UMIT» онкологиялық орталықтың бас дәрігері Ержан Мұқатайұлы Шаяхметов.

Қанның қатерлі аурулары немесе қан түзу және лимфоидты тіндердің ісіктері (басқаша айтқанда, қан обырында) жағдайында «UMIT» онкологиялық томотерапия орталығы емдеуге екінші кезеңде қосылып, сәулелік терапия жүргізе алады, мысалы, сүйек кемігін трансплантациялау алдында. Маңызды: томотерапия балалар мен ересектердегі лейкозға сүйек кемігін жалпы сәулелендірудің жалғыз әдісі болып табылады.

3. Томотерапиямен емдеуге қабылданатын науқастардың жас диапазоны

«UMIT» онкологиялық томотерапия орталығында кез келген жастағы науқастарды емдеуге барлық жағдай жасалған. Томотерапияға 1,5 жастан асқан балалар қабылданады, қажет болған жағдайда олар седция көмегімен  емделеді. Балалардағы қатерлі ісіктерді емдеу туралы толығырақ мына жерден оқыңыз: Томотерапия балалар онкологиясын емдеуде.

4. «UMIT» онкологиялық томотерапия орталығы дәрігерлерінің біліктілігі.

«UMIT» онкологиялық томотерапия орталығы 2019 жылдан бері жұмыс істейді. Барлық дәрігерлер мұқият іріктелді, барлығынан сұхбат алынды, білімі, жұмыс тәжірибесі, шет тілдерін білуі ескерілді. Бүкіл ұжым жан-жақты дайындықтан өтіп, үш жыл бойы қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды сәтті және нәтижелі емдеуде.

Орталық ашылғанға дейін радиациялық онкологтар Делидегі Medanta Hospital-де томотерапия бойынша оқу курсынан өтті. Бұл Үндістандағы ірі көпсалалы аурухана, оның негізгі мамандықтарының бірі онкология болып табылады.

Сонымен  қатар, дәрігерлер онкологиялық орталықтар арасында әлемдік көшбасшылар ондығына кіретін Франциядағы Густав Русси атындағы онкология институтында оқыды.

«UMIT» онкологиялық томотерапия орталығының дәрігерлері тәжірибе алмасу мақсатында Кировоград (Украина) қаласындағы томотерапия орталықтарына барып, Қазан қаласындағы томотерапия орталығында тағылымдамадан өтті. Дәрігерлер Дмитрий Рогачев атындағы Балалар гематологиясы, онкологиясы және иммунологиясы ұлттық медициналық ғылыми-зерттеу орталығында балалар онкологиясы бойынша білім алды (Дмитрий Рогачев атындағы БГОИ ҰМЗО, Мәскеу қаласы).

Барлық дәрігерлер ағылшын тілінде сөйлейді, қытай тілін білетін рентгенолог дәрігер бар.

"Персоналға қатысты тағы бір сәтті атап өткім келеді – науқастарды томотерапия аппаратында емдеудің толыққанды процесін ұйымдастыру үшін командада басқа мамандардан бөлек медициналық физиктер болуы керек. Біздің мекемеде алты физик бар. Медициналық физика бөлімінің меңгерушісі Танжас Серікұлы Шаяхметов МАГАТЭ бағдарламасы бойынша Италияда екі жылдық резидентураны аяқтады. Ол Қазақстандағы медициналық физик халықаралық сертификаты бар жалғыз маман, ол сертфикатты Катарда алған», - деп атап өтті Ержан Шаяхметов.

5. Үйлестірілген онкологиялық көмек

Бір қатерлі ісік ауруын емдеу үшін бүкіл команда қажет. UMIT онкологиялық томотерапия орталығында бұл топқа онкологтар, хирургтар, химиотерапевтер, радиациялық онкологтар, генетиктер, иммунологтар, гистологтар, медбикелер, медициналық физиктер және үйлестірілген көмек пен қолдау көрсететін басқа да мамандар кіреді.

"Әрине, емделушінің өзі емдеуші дәрігерді таңдауға құқығы бар. Біздің дәрігерлердің барлығының біліктілігі жоғары. Жалпы, онкология - ұжымдық жұмыс, емдейтін бір дәрігер емес, науқасты тұтас бір бөлім емдейді. Әр науқасты ұжымдық түрде талқылап, емдеу жоспарын анықтайды», - дейді бас дәрігер.

6. Обыр ауруларын  емдеу жоспары туралы екінші дәрігерлік пікір

Екінші пікір өте маңызды, әсіресе онкологияда. «UMIT» онкологиялық томотерапия орталығының дәрігерлері науқастардың  емделуші дәрігерлермен тығыз байланыста болады.

Балалардың  онкологиясын емдеуде өзіндік ерекшеліктері бар, сондықтан әрбір қиын балалар жағдай бойынша емдеу жоспары Н.Н. Дмитрий Рогачев атындағы БГОИ ҰМЗО-на жіберіледі, онымен «UMIT» онкологиялық томотерапия орталығы серіктес болып табылады. Қажет болған жағдайда қатерлі ісікке шалдыққан балаларды емдеу жоспарларына түзетулер енгізіледі.

Шетелдік пациенттер үшін, егер қаласа, Францияның Густав Русси онкология институтының онкологтарынан екінші пікір алуға мүмкіндік бар. Барлық емдеу жоспарлары цифрландырылған және пациент көрсеткен кез келген дәрігерге екінші пікір алу үшін дереу берілуі мүмкін.

7. Қатерлі ісіктерді диагностикалаудағы қателерді болдырмау

Онкологиялық ауру науқас пен оның жақындарын абыржу мен қобалжу күйіне түсіреді. Көбінесе науқас өзінің диагнозына сенбейді және қателік орын алды деп ойлайды. «UMIT» онкологиялық томотерапия орталығында тәжірибелі онкологтар өздеріне ұсынылған медициналық құжаттаманы мұқият зерттеп, әрбір жағдайды бағалау үшін сынақ нәтижелерін жасайды, дәлелді қорытынды жасайды және емдеудің ықтимал нұсқаларын ұсынады.

"Мәселен, бұл обыр деген гистологиялық қорытындыға науқас сенбейтін жағдайлар болады. Біздің гистологтар пациенттің гистологиялық материалдарын қайта зерттеп, өз пікірін береді. Сондай-ақ біз кеңірек зерттеу жүргізу үшін геномдық-молекулалық зертханамызда геномдық секвенирлеуді жүргізуді ұсына аламыз», - дейді Ержан Мұқатайұлы.

8. Онкологиялық психологты қолдау

Көптеген адамдар обыр - өлім жазасына кесілу деген қағидаға сенеді.  Онкологиялық ауруға шалдыққан науқасты болашаққа деген үрей мен қорқыныш жаулап,  өмірге көзқарасы ерекшелене түседі. «UMIT» онкологиялық томотерапия орталығы онкологиялық психологтың қолдауын ұсынады. Онкологиялық психологтар онкологиялық науқастарға және олардың туыстарына психологиялық көмек көрсетуге маманданған. Олар ауруды қабылдауға және диагнозға дұрыс жауап беруге, аурудың ағымындағы өзгерістерге, психоэмоционалды проблемаларды, есеңгіруді, күйзелісті, мазасыздықты жеңуге көмектеседі.

9. Дәрігерлік құпияны қатаң сақтау

Медициналық құпия дегеніміз медициналық қызметкерге медициналық көмекке жүгіну фактісінің өзі, науқастың денсаулық жағдайы, диагнозы, тексеру нәтижелері және тексеру және емдеу кезінде алынған жеке өмірі туралы мәліметтер туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады дегенді білдіреді.

"Медициналық құпиялық барлық деңгейде сақталады. Науқастың өзі сенімді адамын тағайындайды, онымен оның емделуін талқылауға болады. Егер ол қаламаса, бұл ақпаратты ешкіммен бөліспейміз", - деп сендіреді Ержан Шаяхметов.

10. Науқастармен емдеуден кейінгі қарым-қатынас

«UMIT» онкологиялық томотерапия орталық барлық пациенттерімен емделген соң да байланыста болады. Хаттамаларға сәйкес пациенттерге бақылау МРТ және КТ тағайындалады, оны пациент белгілі бір уақыт ішінде өтуі және емдеу нәтижелерін бақылау үшін ұсынуы керек.

11. JCI халықаралық сертификаты

«UMIT» онкологиялық томотерапия орталығында JCI сертификаты (Joint Commission International, JCI аккредитациясы) бар, бұл медициналық ұйымдардағы қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін объективті тану болып табылады. Клиниканың JCI аккредиттеу сертификатының болуы  халықаралық медицина әлеміндегі ең жоғары бедел және жоғары сапалы медициналық қызметтерді іздеп өз елінен тыс жерлерге баратын шетелдік пациенттер үшін сөзсіз сенім кепілі ретінде қарастырылады.

12. Томотерапия емінің құны

"Батыста онкологияны томотерапиямен емдеу тек ақылы негізде жүргізіледі. Ал, әдетте, бұл өте қымбат", - деп түсіндіреді Ержан Шаяхметов.

«UMIT» онкологиялық томотерапия орталығы Қазақстан Республикасының тұрғындары мен алыс және жақын шетел азаматтары үшін коэффициенттерді ескере отырып, томотерапияның бағасын бекітті. Сонымен қатар, Қазақстан тұрғындары үшін бұл қызмет тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында қолжетімді. Шетелдік азаматтар өздерінің сақтандыру полисі аясында орталықтың қызметтерін пайдалана алады: «UMIT» онкологиялық томотерапия орталығы сақтандыру компанияларымен келісім-шарт бойынша жұмыс істейді.

«UMIT» онкологиялық томотерапия орталығында онкологиялық ауруларды емдеу құнына қатысты барлық сұрақтар бойынша info@tomo.kz электрондық поштасына жазыңыз. 

«UMIT» ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ТОМЕРАПИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ

«UMIT» онкологиялық томотерапия орталығында онкологиялық ауруларды сапалы толыққанды диагностикалау және тиімді емдеу үшін барлық ресурстар бар. Орталықта емделушілерге келесі қызметтер көрсетіледі:

1. Томотерапия бөлімі: Accuray (АҚШ) шығарған TomoTherapy HD сәулелік терапиясының екі құрылғысы толықтай қызмет көрсетеді. Барлық шығын материалдары, бекіту құрылғылары мен маскалар бір реттік, барлығы импорттық.

2. Сүт безінің патологиясын, тіпті дамуының бастапқы кезеңдерінде де барынша дәл визуализациялау үшін томосинтез функциясы бар инновациялық цифрлық маммографиялық жүйемен жабдықталған Маммология орталығы. Тәжірибелі маммолог-онкологтармен кеңесу. Толығырақ мына жерден оқыңыз: Маммография туралы: кімге, не үшін, қашан және қалай; Сүт безінің қатерлі ісігі: маммологтан қорқудың қажеті жоқ.

3. Компьютерлік томография бөлімі.

4. Сарапшы  класты УДЗ құрылғылармен ультрадыбыстық зерттеу бөлімі.

5. Эндоскопия бөлімі: заманауи Pentax, ФЭГДС, колоноскопия, бронхоскопия жабдықтары. Зерттеуді пациенттің қалауынша седациямен жүргізуге болады. Аз инвазивті эндоскопиялық операциялардың кең ауқымы.

6. Биопсияның барлық түрлері, соның ішінде трепанобиопсия. Сұйық биопсиясы - қан үлгісіне негізделген жоғары сезімтал диагностиканың жаңа әдісі. Қан ағымында айналатын ісік жасушаларының ДНҚ көлеміне зерттеу жүргізіледі: тек 5 мл қанмен қатерлі ісіктің ең көп тараған 7 түрі анықталады.

7. Гендік-молекулярлық зертхана, клиникалық-биохимиялық зертхана, иммунолог-генетиктердің қызметтері, материалды патогистологиялық зерттеу, микробиологиялық зерттеулер («ҰҒМО» АҚ-мен бірлесіп).

8. Төрт балалар және төрт ересектер анестезиологтары процедураны седациямен жүргізеді.

9. Амбулаторлық емдеуге арналған химиотерапия кабинеті, тәжірибелі медбике мен химиотерапевттің бақылауымен. Химиотерапия туралы толығырақ мына жерден оқыңыз: Обырды емдеудегі жаңалық: заманауи химиотерапия.

10. Лазерлік хирургия кабинеті, тері ісіктерін жоюға арналған, соның ішінде косметикалық мақсатта Германияда жасалған MCL 31 Dermablate эрбиевті  лазері.

11. Сала мамандардың кеңестері: онкогинеколог, онкоуролог, онкодерматолог, эндокринолог, гастроэнтеролог.

12. «UMIT» онкологиялық орталық ҰҒМО-мен бірлесіп, онкологиялық ауруларды емдеуде иммундық-жасушалық терапия + томотерапия сияқты инновациялық бағытты зерттеуге және дамытуға гранттар алды.

13. «АМАРА» серіктес паллиативтік көмек орталығында паллиативтік көмек көрсету үшін барлық жағдай жасалған. 

«UMIT» ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ТОМЕРАПИЯ ОРТАЛЫҒЫНДА ЕМДЕЛУГЕ ҚАЛАЙ ҚАБЫЛДАНУҒА БОЛАДЫ? 

info@tomo.kz электронды поштасына ауру тарихынан жазылған эпикризді, оның ішінде барлық диагноздарды, тексеру мәліметтерін, өткізілген емдеу курстарын, әдістері мен емдеу кестелерін жіберу керек. «UMIT» онкологиялық томотерапия орталығының мамандары науқастың ауру тарихын зерттеп, алдын ала кеңес бергеннен кейін пациентті орталықтың жұмыс бағдарламасымен және баға саясатымен таныстырады. Қажет болған жағдайда  науқасқа қосымша тексеруден өту ұсынысы жасалуы мүмкін.

«UMIT» онкологиялық томотерапия орталығы тасымалдау қызметін ұсынады. Орталықта емдеу амбулаторлық болғандықтан, «UMIT» онкологиялық томотерапия орталығы Астана қаласындағы үш қонақүймен келісім-шартқа отырып, орталықтағы емделушілерге жеңілдіктер қарастырады. Аударма қызметі де көрсетіледі.




Возврат к списку