award-2023
Қазақстан, Астана қ., Абылай хан көшесі 42\1, кіру Минская көш., 24 (Майлин көш. бұрышы) жағынан

ОНКОПСИХОЛОГ: ОБЫРДАН АЙЫҒУҒА ЖАРТЫ МҮМКІНДІКТІ НЕ БЕРЕДІ

ОНКОПСИХОЛОГ: ОБЫРДАН АЙЫҒУҒА ЖАРТЫ МҮМКІНДІКТІ НЕ БЕРЕДІ

13.06.2022

Онкопсихология дегеніміз не және онкологиялық науқастарға арналған жаңа білім беру жобасы туралы UMIT Халықаралық онкологиялық томотерапия орталығының онкопсихологя Кеңесова Әйгерім Әндіжанқызы айтып береді

Обырға қарсы күрес күнделікті жүргізіледі және қазір науқастардың өмір сүру сапасын жақсартуға басымдық беріліп отыр. Обыр, сондай-ақ оны дәрі-дәрмекпен емдеу көптеген физикалық және психологиялық қиындықтар туғызады. Олар физикалық ауырсынудан, шаршаудан және жеке өмірден айырылудан мазасыздыққа, депрессияға және қарым-қатынастың шиеленісуіне дейін өзгереді және өмір сапасына қатты әсер етеді.

Онкопсихология осы мәселелерді шешу және аурудың әртүрлі кезеңдерінде көптеген қиындықтарға тап болған пациенттерге қолдау көрсету мақсатында салыстырмалы түрде жаңа пәнаралық сала ретінде пайда болды.

Онкопсихология обырдың екі негізгі психологиялық аспектісін қарастырады:

  1. пациенттердің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері мен күтім жасайтын адамдардың обырға, аурудың барлық кезеңдеріндегі психологиялық жауаптары;
  2. ауру процесіне әсер ете алатын психологиялық, мінез-құлық және әлеуметтік факторлар.

«UMIT» халықаралық онкологиялық томотерапия орталығында арнайы дайындалған психолог Кеңесова Әйгерім Әндіжанқызы емделуге дайындық кезінде, емдеу кезінде, сонымен қатар одан кейін, оңалту кезеңінде науқастармен онкопсихологиялық қызмет жасайды. Біз Әйгерім Әндіжанқызымен осындай психологиялық жұмыстың маңыздылығы жайында әңгімелескен едік.

– Әйгерім Әндіжанқызы, онкопсихология бағыты қалай пайда болды?

- Онкопсихология 1970 жылдары пайда болды. Бағыттың негізін қалаушы американдық психиатр Джимми Холланд, ол онкологиялық диспансерде бірінші болып психиатрия бөлімін ашты. Холланд обыр ауруына ем қабылдан жатқан науқасқа жеке көмек түрі – психологиялық көмек алу керек деп есептеді. Адамның онкологиямен ауыратыны туралы хабарламның өзі оны күйзелтеді. Сонымен қатар, отбасында тиісті атмосфера болуы үшін науқастың туыстарымен жұмыс істеу керек. Науқастың өз ауруына деген көзқарасы қалыпты, ал туыстары бұл аурудан қорқатын да жағдайлар болады. Және бұл бүкіл емдеу процесіне тікелей әсер етеді. Сондықтан біз науқастың өзіне де, барлық жақын туыстарына да міндетті түрде кеңес береміз. Біз диагноз қойылған сәттен бастап, емдеу кезінде, операцияға дейін және одан кейін, оңалту кезеңіне дейін қолдау көрсетеміз.

– Мұндай психологиялық көмек түрі бар екенін онкологиялық науқастардың бәрі біле бермейтін шығар. Елімізде психологиялық көмек көрсетудің жағдайы қалай?

– Елімізде онкологиялық науқастарға психологиялық көмек жолға қойылған. Біз UMIT томотерапия орталығында ауру туралы барлық ақпаратты береміз, науқасты емделуге дайындаймыз, емделуден не күтетінін, қандай кемшіліктер болуы мүмкін екенін түсіндіреміз. Біз емдеу процесінің өзіне араласпаймыз.

– Неліктен онкологиялық науқастар мұндай дайындықты қажет етеді?

-Адам ауырып қалса, ағзаның өзі адамға тоқтап, не болып жатқанын ойлау керек деген белгілер береді деген сөз. Өзіңізді, денсаулығыңызды күтетін, емделетін кез келді. Әрине, медициналық тұрғыдан алғанда, қатерлі ісіктің пайда болуына әкелетін себептер бар. Бірақ «көрінбейтін» психологиялық себептер де бар. Адам ауыр жұмыс істегесе, денсаулығына мән бермесе, дұрыс тамақтанбаса, ағзасы бұған реакция жасайды, ағзасы оған қарсылық білдіреді деуге болады. Мен пациенттерге мұны былай түсіндіремін: бұл денеде жылдар бойы жинақталған ауырлық сияқты, бұл біздің қорқынышымыз, уайымымыз, күйзелісіміз, реніштеріміз. Күні бойы ауыр орындықты көтеру керек деп елестетіп көріңіз - үйде, көшеде және жұмыста. Сіз қатты шаршайсыз, ақырында шаршау басталады. Ішкі органдарда да солай болады: олар шаршайды да ауру дамиды.

– Неліктен онкологиялық науқастар дәстүрлі емес емдеу әдістеріне жүгінеді?

- Бізде онкология, емдеудің сәтті нәтижелері туралы ақпарат аз. Соңғы жылдары онкология үлкен нәтижелерге қол жеткізді. Күрделі операциялар жүргізілуде, қатерлі ісіктің әртүрлі түрлерін емдеуде көптеген жаңалықтар енгізілді. Біз пациенттерге емделгеннен кейін сауығып кетудің сәтті жағдайлары туралы әрдайым айтамыз, сауығудың жолы бар екенін және осы жолмен өту керек екенін жеткізуге тырысамыз.

– Науқастардың барлығы бірдей өзінің қатерлі ісікке шалдыққанына бірден сене бермейді. Адам өз ауруын қабылдамайынша психологиялық тұрғыдан не болады?

– Науқас 5 кезеңнен өтеді. Бірінші кезең - бас тарту немесе шок. Адам өзінің диагнозын алғаш естігенде, оған сену қиынға соғады. Бұл кезеңде пациент әдетте көптеген дәрігерлерге барады, диагнозын қайта тексертеді. Сондай-ақ осы кезеңде пациенттер «халықтық» емдеу әдістеріне жүгінуі мүмкін.

Осыдан кейін ашуға мінеді: неге мен ауырдым, неге дәл қазір, бұл менің жоспарымда жоқ еді, менде бұл қалай болды? Бұл қоғамға, дәрігерлерге, туыстарға бағытталған агрессиядан көрінуі мүмкін.

Үшінші кезең – саудаласу кезеңі. Науқас дәрігермен саудаласады: егер мен емделсем, маған көмектесе ме? Әдетте бұл кезеңде адамдар емдеуге келісіп, емдеуді бастайды.

Қатерлі ісіктерді емдеу ұзақ уақытты алады, бір жылға дейін. Және осы кезеңде науқас келесі кезеңге өтуі мүмкін - депрессия мен кұлазу. Бұл кезде қасындағылардың қолдауы өте маңызды.

Содан кейін, егер пациент депрессияны жеңсе, онда ең ұтымды кезең - қабылдау кезеңі келеді. Науқас өз ауруын қабылдайды және қалыпты өмір сүруге бар күш-жігерін салады.

Бұл жерде айта кету керек, бәрі қатерлі ісік анықталған кезеңге байланысты. 1 және 2 сатыдағы ісікпен науқас емдеу процесінен өтеді, бас тарту және ашулану фазасынан өтеді, содан кейін ремиссияға өтеді.

Ал қатерлі ісіктің 3 және 4 сатысында емдеу ұзағырақ болған кезде пациент күйзелістің барлық бес сатысынан өтеді. Ал кейде емдеу ұзақтығына байланысты науқас депрессия сатысында тұрып қалуы мүмкін. Ал бұл жерде басқалардың, туыстарының қолдауы маңызды. Науқас ары қарай жүруге, емделуге мотивация табуы үшін.

Онкопсихологтардың міндеті - науқасқа осы кезеңдерде тұрып қалмауға көмектесу, ауруды жоққа шығарудан бастап қабылдауға дейін барлығын бірге өту. Қабылдау сатысына жеткен адам сапалы өмір сүру үшін өзінің барлық күш-жігерін бағыттай алады.

Онкопсихологтар балалармен қалай жұмыс істейді?

– Балаларға деген көзқарас, әрине, бөлек. Мұнда психологтың күш-жігері ата-аналармен және туыстарымен жұмыс істеуге бағытталуы керек, сонда олар балаға барлық емдеуден өтуге көмектеседі. Ананың орны ерекше, ана баланың ауруын алдымен қабылдауы керек. Өйткені аналар ауруды теріске шығарып, мұндай жағдайды ауыр көтереді.

Онкологиялық ауруға шалдыққан балаға мектебіне бармай, достарымен қатыспай қалу қиынға соғады. Заманауи онкологиялық ауруханаларда балалардың емделу кезінде оқуын жалғастыруы үшін жағдай жасалғаны жақсы.

Тағы бір жағдайды алсақ, балалы әйел онкологиямен ауырған кезде, балалармен психологиялық жұмыс жүргізіп, оларды отбасындағы өмірдің өзгеретініне, анасы жиі емделуге баратынына, ол ауруханада бұрынғыдай балаларына назар аудара алмайтынына дайындау керек. Егер балаға анасының ауруы туралы шындықты айтпасақ және оны дайындамасақ, онда ол балада ұйымдау, қорқыныш, алаңдаушылық туу мүмкін.

– Онкологиялық науқастың отбасы мүшелерімен қандай жұмыстар жүргізіледі? Кейде туыстары ауру туралы айтпай, жасырады, науқасқа шындықты айтпайды ...

– Науқас өз ауруы туралы шындықты біліп, емделуде өз бетінше шешім қабылдауы керек деген пікірді толығымен қолдаймын. Ата-анасының біреуі қатерлі ісікпен ауырып, ал балалары оны қорғаймыз деп шындықты одан жасыратын кездер де кездеседі. Бірақ адам ақыр аяғында шындықты білгенде, ол балалары шындықты жасырып, оны сатып кеткендей сезінеді. Бұл өзі мәз емес күйзелістік жағдайын ушықтыруы мүмкін.

Обырмен ауыратын науқас химиотерапиядан өту немесе өтпеу, операцияға бару немесе бармау туралы шешімді өзі қабылдауы керек. Операциядан немесе химиотерапиядан кейін оңалту өте қиын және ұзақ, пациенттің мұны істеуге жеткілікті мотивациясы және оны не үшін жасау керектігін нақты түсінуі керек. Мысалы, операциядан кейін ерте тұру және жүру маңыздылығын түсінбесе, балалар ата-анасынан мұны қанша сұраса да, оның пайдасы жоқ.

Немесе, мысалы, мұндай жағдай. Күйеуі онкологиялық аурумен ауырады және емделуге қатысты барлық қамқорлықты әйеліне тапсырады. Ол ауру, диагностика және емдеу туралы бәрін зерттейді. Біз әйелге бұлай жасауға болмайтынын түсіндіреміз - ауру ол емес, оның күйеуі. Науқастың өзі дәрі-дәрмектің атауын, оларды қашан және қалай ішу керектігін, қашан және қалай процедуралардан өту керектігін білуі керек. Жұбайының өмірі - оның жеке өмірі. Және бұл өте маңызды: жұбайының ауруы оның жұбайы немесе жақын туыстары бұл процеске толығымен қатысуы керек дегенді білдірмейді. Олар, сөзсіз, қолдау көрсетуі керек, бірақ сонымен бірге олар өз өмірін жалғастыруы керек, өз мүдделері болуы керек.

Онкологиялық науқастың туыстары мен достары онкология мәңгілік емес екенін түсінуі маңызды, қатерлі ісіктен айығуға болатынын, бұл ауруға толығымен араласып, науқасты шектен тыс қомқорлыққа алудың қажет жоқ екенін түсінуі керек. Қатерлі ісікпен ауыратындар жиі өздерінің қалыпты өмір салтын жалғастыра алады, олар төсекке таңылған науқастар емес, олар өздерін күте алады, кейбіреулері жұмысын жалғастырады, қызығушылықтары мен хоббилерін сақтайды. Ал туыстарының гипер-қамқорлығы кейде оларға кедергі келтіруі мүмкін.

Науқаспен жиі сөйлесудің қаншалықты маңызды екенін туыстарына жиі түсіндіруге тура келеді. Жақсы оқиғаларды еске алу, достарын шақыру, жақсы көңіл-күй орнату маңызды. Аяушылық білдіруге болмайды.

онкопсихология в центре томотерапии УМИТ в астане, нур-султане

- Онкологиялық науқастарға мотивация табуға қалай көмектесуге болады?

– Онкологиялық науқастарға үнемі айтамын – көмектесетін дәрі немесе ем бар болса, осы мүмкіндікті пайдаланып, емдел, ауруды емес, өмірді таңда, бірге күресейік.

Кейбір адамдар онкологиялық ауруларды емдеу туралы ескі пікірлерде болады, ол кезде обырды емдеудің дәрі-дәрмектер мен әдістерінің алуын түрі болмаған және болжам нашар болған еді. Олар өздерінің құрдымға кеткеніне сенімді. Бірақ қазір көптеген жаңа технологиялар, жаңа дәрілер бар, мезгіл-мезгіл емделіп, жұмысын жалғастырып, өмірін жоспарлап, әлеуметтік белсенділікті сақтауға тырысатын науқастар бар.

Біз, онкопсихологтар, арт-терапия сияқты әдістерді қолданамыз - олар қорқынышты жоюға, тыныштандыруға көмектеседі. Адамда ұйқысыздық болған кезде сурет салуды ұсынамын. Сурет салу алаңдаушылық пен ұйымды ұмыттырады. Біз сондай-ақ метафоралық карталарды қолданамыз, соның арқасында пациент өз уайымдарын түпсана деңгейінен өткізеді. Яғни, біз ішкі қорқыныштар мен алаңдаушылықтарды өңдеуге, оларды шығаруға мүмкіндік беретін психологиялық әдістерді қолданамыз.

Классикалық психологияның негізгі әдістері онкологиялық науқастарға қолданылмайды. Өйткені біз науқастың өткеніне қол тигізбеуге тырысамыз. Кейбір ескі мәселелерді талдау науқастың онсыз да қиын жағдайын нашарлатуы мүмкін. Біздің мақсатымыз - обырды емдеу мүмкіндігінше сәтті болуы үшін тек қазіргі кездегі проблемалармен жұмыс істеу.

– Дәрігер онкологтармен де психологиялық жұмыс жүргізіледі ме?

–Дәрігер онкологтарға психологиялық тренингтер, семинарлар өткіземіз. Дәрігерлер де адамдар, олар процеске эмоционалды түрде қатысады, олар пациенттерге алаңдайды. Мұндағы басты мәселе дәрігерлерге эмоционалды тәжірибелерге араласудың қажеті жоқ, бірақ дәл осы сәтте науқаспен не болып жатқанын, оның сізден не қалайтынын түсінуі. Егер онкологиялық науқас ашуланып, дәрігерге айғайласа, онда ол науқастың бас тарту және ашулану кезеңінен өтіп жатқанын түсінуі керек. Мұндай жағдайда дәрігер ашуланбай, науқасты тыңдау керек.

томотерапия в казахстане, лучевая терапия в астане

– «Үміт» орталығындағы жаңа білім беру жобасы туралы айтсаңыз...

– «UMIT» халықаралық онкологиялық томотерапия орталығында біз жетекші онкологтардың, онкопсихологтардың, диетологтардың, нутрициологтардың және заңгерлердің қатысуымен ақпараттық-білім беру жобасын құруды жоспарлап отырмыз. Жоғарыда айтқанымдай, онкологияға қатысты барлық мәселелер бойынша ақпарат жеткіліксіз: емдеудің қандай түрлері бар, қайда бару керек, емдеуді қайдан бастау керек, онкологиялық науқастың қандай құқықтары бар - пациенттер осы секілді көп нәрселерді білмейді, мысалы, олардың жұмыстан босатуға ешкімнің құқығы жоқ. Біз осы тақырыптардың барлығын қамтуға тырысамыз.

Жұмыс форматы онлайн және офлайн болады, сонымен қатар біз бүкіл Қазақстанды қамтитын YouTube арнасын және телеграм ботын ашамыз. Біз оқыту бейнероликтерін түсіреміз, мысалы, терінің ойылуын қалай емдеуге болады, немесе калоприемникті үй жағдайында қалай ауыстыру керек, операциядан кейін қалай оңалуға болады. Дәрігерлермен тікелей эфир жүргіземіз. Онкологтардың, заңгерлердің, психологтардың қатысуымен семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер өткізуді жоспарлап отырмыз, өзекті тақырыптарда пікірталас өткіземіз. Оларға онкологиялық науқастар мен олардың туыстары қатыса алады.

Біздің UMIT орталығына келген барлық пациенттер бізде осындай мектеп болатыны туралы хабарланады. Біз оларға Telegram арнасы мен YouTube арнасына жазылуды ұсынамыз. Сондай-ақ олар біздің дәрігерлер ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген ең үздік дәрігерлердің қатысуымен әртүрлі тақырыптардағы оффлайн семинарларға қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Біздің білім беру орталығында біз алдымызға келесі мақсаттар мен міндеттерді қоямыз:

  1. адам денсаулығына қатысты мінез-құлықты өзгерту процесіне бағытталған тұрақты ақпараттық-білім беру жүйесін құру;
  2. пациенттердің аурудың мінез-құлық қауіп факторлары туралы хабардарлығын арттыру, пациенттің өз денсаулығына жауапкершілігін арттыру;
  3. пациенттерде мінез-құлық қауіп факторларының (тамақтану, физикалық белсенділік, күйзеліске төзімділік, зиянды әдеттерден бас тарту: темекі шегу, алкогольді асыра пайдалану) олардың денсаулығына кері әсерін төмендету бойынша дағдыларды қалыптастыру;
  4. науқастың өз денсаулығына ұтымды және белсенді қатынасын қалыптастыру, сауығуға, медицина қызметкерлерінің ұсыныстарын орындауға ынталандыру;
  5. пациенттердің өз денсаулығын өзін-өзі бақылау дағдылары мен білімдерін қалыптастыру;
  6. пациенттердің денсаулығына әсер ететін себептерді, факторларды талдауға және науқастарды сауықтырудың жеке жоспарын құруға үйретудің практикалық дағдыларын қалыптастыру.

Томотерапия – Қазақстандағы сәулелік терапияның жаңа әдісі

UMIT Халықаралық онкологиялық томотерапия орталығының дәрігерлері онкологиялық науқастарды әлемдегі ең озық сәулелік жүйелердің бірімен емдейді.

Томотерапия - сәулелік терапияның соңғы түрі, онда сәуле 360° визуалды бақылаумен қабаттап ісікке жеткізіледі. Бұл емдеу жоспарының бірегей икемділігін қамтамасыз етеді және сау тіндерге сәулелену әсерін азайтады. Томотерапия жүйесі бір емдеу сеансында дененің әртүрлі бөліктеріндегі үлкен ісіктерді немесе бірнеше ісіктерді тиімді емдей алады.

2021 жылы UMIT халықаралық онкологиялық томотерапия орталығы денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеудің әлемдік көшбасшысы Joint Commission International (JCI) халықаралық аккредиттеуден өтті.


Возврат к списку