award-2023
Қазақстан, Астана қ., Абылай хан көшесі 42\1, кіру Минская көш., 24 (Майлин көш. бұрышы) жағынан

«Pink October» қызғылт қазан, сүт безі обыры туралы хабардар болу айы

«Pink October» қызғылт қазан, сүт безі обыры туралы хабардар болу айы

18.10.2022

Мақсаты: Сүт безі обыры және 30 және одан жоғары жастағы әйелдерді скринингтік тексерудің маңыздылығы туралы халықтың хабардарлығын арттыру.

Интерактивті сессияға қатысушылар сүт безі обырының диагностикасы мен емі бойынша сұрақтарына жауап ала алады.

Іс-шара спикерлері:

Жаппаров Ербол Исмаилұлы – клиникалық диагностика бөлімінің меңгерушісі, маммолог-онколог

Даришева Гүлбаршын Мұхамеджанқызы – маммолог-онколог

Бримова Айгүл Демеуғалиқызы – маммолог-онколог, Phd

Сүлейменова Данара Мұратқызы – сүт бездерінің сәулелік диагностикасы дәрігері

Есмагамбетов Жарылкасын Амантаевич - маммолог-онколог

Сүт безінің обыры - жасуша мутациясының нәтижесінде пайда болатын ауру. Онкопроцесс сүт түтіктерінде немесе безді тіннің үлесшелерінде басталуы мүмкін. Бастапқы кезеңдерде ісіктің пайда болуы ауыртпалықсыз және симпомсыз өтуі мүкін, сондықтан ерте кезеңдерде диагноз қою өте сирек. Ісік процесін уақытылы диагностикалау және анықтау арқылы науқастың өмірін сақтап қана қоймай, оның өмір сапасын сақтауға болады. Жыл сайын бүкіл әлемде ДДҰ 2021 жылға арналған деректері бойынша 43 250 әйел осы сырқаттан көз жұмады, ал ол әйелдердің өмірін сақтап қалуға әбден болады!

Аяулы ханымдарымыздың денсаулығына алаңдай отырып, біздің орталық «Қызғылт айдың» әлемдік марафонына қатысып, емделушілерге превентивті медицинаны дамыту және қатерлі патологияны дер кезінде диагностикалау мақсатында тиімді ұсыныс жасайды! Біздің мамандар 17.10.22 пен 23.10.22 аралығында апта бойы барлық маммологиялық қызметтерге және жоғары білікті маммологтардың кеңестеріне 20% жеңілдік береді. Сондықтан жүрегіңізге жақын әйелдерді мүмкіндігінше дәрігерге жазуды ұсынамыз.

Мақсатты аудитория: 40-60 жас аралығындағы әйелдер

Ұзақтығы: 1-31 қазан 2022 ж

Әлеуметтік желілер: Instagram: «Мен өттім, ал сен» хэштегі

Офлайн кездесулер:

  1. Маммологтармен кофе-брейк. Күні 12.10.22 Ұзақтығы 11:30 – 13:00

Директор орынбасары контактілері +7 777 953 17 27


Возврат к списку