award-2023
Қазақстан, Астана қ., Абылай хан көшесі 42\1, кіру Минская көш., 24 (Майлин көш. бұрышы) жағынан

«Total Body Irradiation» денені толық сәулелендіру.

«Total Body Irradiation» денені толық сәулелендіру.

06.12.2022

28 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Астана қаласындағы «UMIT» халықаралық онкологиялық томотерапия орталығында, Абылай хан даңғ., 42/1 (кіру Майлин көшесінен), гемопоэтикалық дің жасушаларын трансплантациялау алдында кондициялау аясында баланың бүкіл денесін толық сәулелендіру бойынша осы әдісті болашақта өз бетінше қолдану үшін халықаралық сарапшылардың қатысуымен шеберлік сабағы өтуде.

Шеберлік сабағы барысында дәрігерлер кішкентай науқасты емдеуге арналған терапияның осы түрін ерекше қолдану үлгісімен жұмыс істеуге мүмкіндік алды.

Мақсаты: шеберлік сабағы аясында – онкологтар мен гематологтар дәрігерлерге балалардың бүкіл ағзасын толық сәулелендіру әдістемесін оқыту.

Іс-шараға қатысушылар:

Шаяхметов Ержан Мұхатайұлы – «Үміт» халықаралық онкологиялық томотерапия орталығының директоры

Цой Борис Викторович – «Үміт» халықаралық онкологиялық томотерапия орталығының радиациялық онкология бөлімінің меңгерушісі

Шаяхметов Танжас Серікұлы – «Үміт» халықаралық онкологиялық томотерапия орталығының медициналық физика бөлімінің меңгерушісі

Айменов Қайрат Ғалымжанұлы – «Үміт» халықаралық онкологиялық томотерапия орталығының радиациялық онкологы

Нұрғалиев Даир Жванышевич – ҚР Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы директорының онкология жөніндегі орынбасары

Умирбекова Балжан Болатовна – ҚР Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы гомопоэтикалық дің жасушаларын трансплантациялау бағдарламасының жетекшісі

Шақырылған шетелдік сарапшылар:

Нечестнюк Алексей Владимирович – м.ғ.к., Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің Дмитрий Рогачев атындағы ФГБУ НМИЦ ДГОИ (Мәскеу) сәулелік терапия бөлімінің меңгерушісі

Кобызева Дарья Алексеевна - Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің Дмитрий Рогачев атындағы ФГБУ НМИЦ ДГОИ (Мәскеу) сәулелік терапия бөлімінің балалар онкологы

Логинова Анна Анзоровна - Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің Дмитрий Рогачев атындағы ФГБУ НМИЦ ДГОИ (Мәскеу) сәулелік терапия бөлімінің жетекші медициналық физигі

Бүкіл денені толық сәулелендіру (TBI) - пациенттің бүкіл денесі сәулеленуге ұшырайтын сәулелік терапияның бір түрі. Гемопоэтикалық дің жасушаларын трансплантациялаудан кейінгі TBI процедурасы жедел лимфобласты лейкозды қоса, қан ісіктерін емдеудің тиімді әдісі болып табылады.

TBI сәулелік терапияның көптеген басқа түрлеріне қарағанда басқаша қолданылады: егер мақсатты сәулелік терапия дененің белгілі бір бөлігіндегі бір немесе бірнеше ісіктерді азайтуға немесе жоюға арналған болса, бүкіл дененің сәулелік терапиясы денені сүйек кемігін трансплантациялауға дайындау үшін арнайы қолданылады.

Қазақстанда қан түзу және лимфа жүйесінің онкологиялық ауруларымен ауыратын 9 мыңнан астам науқас бар. Әрі жыл сайын 1500-ге дейін жаңа науқастар тіркеледі, оның ішінде 232 жағдай (2021 жылдың деректері бойынша) жедел лейкозбен ауыратын балалар. Жедел лимфобластикалық лейкозбен ауыратын балалардың 5 жылдық жалпы өмір сүру деңгейі былтыр (2021 жылдың көрсеткіші) шамамен 72% құраған.

ГДЖТ алдында кондициялау бөлігі ретінде денені толық сәулелендіру қажеттілігі жылына шамамен 10-15 пациентті құрайды.

Қазақстандағы балалардың денесін толық сәулелендірудің шұғыл қажеттілігіне байланысты «Үміт» халықаралық онкологиялық томотерапия орталығында Д. Рогачев атындағы НМИЦ ДГОИ-нан шақырылған шетелдік сарапшылардың қатысуымен шеберлік сабағын өткізу туралы шешім қабылданды.

«Үміт» томотерапия орталығында баланы емдеуді басқару және жоспарлауды сәулелік онкология бөлімінің меңгерушісі Б.В.Цой, медициналық физика бөлімінің меңгерушісі Т.С. Шаяхметов және тікелей емдеуші дәрігер Қ.Г. Айменов жүзеге асырады.

Науқасты орналастыру және стационарлық бақылау ҚР Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы базасында ГДЖТ бөлім меңгерушісі Б.Б. Умирбекованың жетекшілігімен жүзеге асырылады.

Томотерапия аппаратында денені толық сәулелендірудің басты артықшылығы - басқа сызықтық үдеткіштермен салыстырғанда мақсатты қамтудың дәлдігі және біртектілігі.


Возврат к списку