award-2023
Қазақстан, Астана қ., Абылай хан көшесі 42\1, кіру Минская көш., 24 (Майлин көш. бұрышы) жағынан

ПАЦИЕНТТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Қабылдау ережелері: 

7. 1 Орталықтың жұмыс уақыты сағат 08: 00-ден 20: 00-ге дейін, түскі ас 13: 00-ден 14: 00-ге дейін (дүйсенбі-жұма), демалыс күндері: сенбі, жексенбі. 

7. 2 Орталыққа кірер кезде науқас аяққап киіп, сырт киімін шешіп, гардеробқа өткізуі керек, бағалы заттарды үйінде қалдыруы тиіс. Мамандандырылған ем (химиотерапия, сәулелік терапия) қабылдап жүрген пациенттер аяқ киімді киім ауыстыратын бөлмеде ауыстыруы керек (өзімен бірге ауыстыратын аяқ киім болуы тиіс). 

7. 3 Қолдарын тері антисептигімен өңдеу қажет. Кейін бөлімге келген сайын қолдарын өңдеп отыруы тиіс. 

7. 4 Сәулелік терапияны алу үшін қажетті тізімге сәйкес дәрігерге мәліметтер мен құжаттарды ұсынуы тиіс (№1 қосымша). 

7. 5 Науқасты емдеу кестесі жабдықтың жұмысқа жарамдылығына байланысты өзгертілуі мүмкін. Емдеу кестесін өзгерту туралы ақпарат алдын ала беріледі. 

7. 6 Егер пациент радиациялық онкология бөлімшесінде емделсе, науқастың және онымен бірге жүретін адамның ұялы телефондарын тіркеу бөлімінде қалдыруы тиіс. Егер пациент химиотерапия бөлмесінде болса, өзімен бірге мына заттарды алған жөн: ұялы телефон, кітап, құлаққап, ұзақ химиотерапия процедурасы кезінде жеңіл тағамдарға рұқсат етіледі. Ұялы телефондарды дыбыссыз режимге қою керек. Сондай-ақ біздің орталық аумағында «Бақ сарай» буфеті бар, оған баратын жол картада көрсетілген. 

7. 7 Отбасының заңды өкілі науқастың/баланың Орталықта болған кезде қауіпсіздігі үшін персоналмен бірлесіп жауапты болады. Өкіл науқасты/баланы орталық аумағында қараусыз қалдырмауы тиіс. 

7. 8 Орталықта келушілерге бейне түсірілімін жасауға тыйым салынады. 

7. 9 Фотосуретке түсіруге Орталық әкімшілігінің келісімімен ғана рұқсат етіледі. 

7. 10 Орталық аумағында темекі шегуге және алкогольдік өнімдерді ішуге тыйым салынады. 

7. 11 Науқас тіркеу бөліміне жүгінеді, тіркеуден өткеннен кейін радиациялық онкология бөліміне/химиотерапия кабинетіне жіберіледі. Амбулаториялық науқастар бейінді мамандардың кеңесіне жіберіледі. 

8 Радиациялық онкология бөлімі. 

8. 1 Радиациялық онкология бөлімшесіне кіруге бір ғана ілесіп жүретін адамға рұқсат етіледі. 

8. 2 Радиациялық онкология бөлімшесінде науқас мейірбике постына барады, ол науқастың жеке басын анықтайды, құжаттарды ресімдейді және оны радиациялық онкологтың қабылдауына жібереді. 

8. 3 Радиациялық онкологтың тексеруінен кейін пациент КТ- симуляция процедурасына жіберіледі. 

8. 4 Зертханашы операторды шақырғанға дейін пациент күту бөлмесінде болады. 

9 КТ - симуляциялау процедурасы. 

9. 1 КТ симуляциясы компьютерлік томография кабинетінде өтеді. 

9. 2 КТ симуляция процедурасына дайындалу үшін әрбір пациентке арналған жеке шешінетін бөлме бар. 

9. 3 КТ симуляция аймағына пациент шешінетін бөлме арқылы кіреді, ол жерде пациент бір рет қолданылатын халат киеді. 

9. 4 Зертханашы-оператор КТ симуляция процедурасын орындау үшін пациентті КТ - бункеріне шақырады. 

9. 5 Одан кейін пациентке дәрігерлер мен зертханашы-операторлар КТ симуляциясын жасайды. 

9. 6 КТ-симуляциясы кезінде қойылған белгілер емдеу курсы аяқталғанша сақталуы керек (өшіруге болмайды). 

9. 7 КТ-симуляция процедурасын аяқтағаннан кейін науқасты бөлімше мейірбикесі тексереді, қажет болған жағдайда емдеуші дәрігер шақырылады. 

9. 8 Науқасқа дәрігердің байланыс құралдары, тіркеу бөлімінің телефоны беріліп, ол дозиметриялық емдеуді жоспарлау кезеңіне үйіне жіберіледі. 

Біздің емхана сізге көмектеседі
10 Дозиметриялық жоспарлау. 

10. 1 Дозиметриялық жоспарлауды медициналық физик мамандар жүзеге асырады. 

10. 2. Емдеуді дозиметриялық жоспарлау уақыты 2-ден 7 жұмыс күніне дейін өзгеруі мүмкін. 

10. 3 Науқас емдеуші дәрігердің онлайн режиміндегі бақылауында болады. Жағдайы нашарласа, пациент/пациенттің өкілі емдеуші дәрігерге хабарлайды, ол емдеу жоспарын өзгерту туралы шешім қабылдайды. 

10. 4. Дәрігерді шақыру мүмкін болмаса, пациент деректерді тіркеу бөліміне хабарлайды. 

10. 5. Тіркеуші ақпаратты ауызша беруге арналған нысанды толтырады және оны ауызша ақпаратты беру ережелеріне сәйкес дәрігерге береді. 

10. 6 Емдеудің дозиметриялық жоспарының дайындығы туралы медициналық физик емдеуші дәрігерге хабарлайды. Дәрігер жоспарды бекітеді, оған сәйкес аға зертханашы-оператор сәулелік терапия сеансының уақытын жоспарлайды. 

10. 7 Осыдан кейін пациентті 1-ші сәулелік терапия сеансына шақыру үшін ақпарат тіркеу бөліміне беріледі. 

11 Сәулелік терапия процедурасы. 

11. 1 Пациент сәулелік терапия сеансына белгіленген уақыттан 15-20 минут бұрын келуі тиіс. 

11. 2 Сәулелік терапияны кіші жамбас аймағына алатын науқастар емделуге процедураның басталуынан 40-45 минут бұрын келеді (қуықты емдеуге/су режиміне дайындау үшін). 

11. 3 Сеансқа келгеннен кейін пациент тіркеу бөліміне барып, радиациялық онкология бөліміне кіру картасын алады. 

11. 4 Сәулелік терапия процедурасын алу үшін пациент орталық қызметкерлеріне сәйкестендіру білезігін немесе бейджін көрсетеді және радиациялық онкология бөліміне барады. 

11. 5 Постта мейірбике тексеру жүргізеді және емдеуші дәрігерді қайта тексеруге шақырады, ол сәулелік терапия сеансына рұқсатты растайды. 

11. 6 Мейірбике зертханашы-операторға науқастың дайындығы туралы хабарлайды. 

11. 7 Зертханашы-оператор науқасты дайындау бөлмесіне (киінетін бөлме) шақырады және оны томотерапия бункеріне апарады. 

11. 8 Бункерде зертханашы-оператор пациентті терапевтік үстелге жатқызып, пациентті бекітеді. 

11. 9 Емдеуші дәрігер медициналық физик пен зертханашылардың қатысуымен тайм-аут рәсімін жүргізеді, осылайша сәулелік терапия сеансына рұқсатты растайды. 

11. 10 Сәулелік терапия сеансы дәрігердің емдеу жоспарына және оператор-зертханашылар үшін әзірленген ережелерге сәйкес жүргізіледі. 

11. 11 Науқастың жағдайын бақылау бейнебақылау камералары арқылы онлайн режимінде жүзеге асырылады. 

11. 12 Емдеу кезінде пациент сәуленің бағытынан ауытқуын болдырмау үшін бүкіл денесін ешқандай қозғалыссыз қалыпта сақтайды. 

11. 13 Сеанс ұзақтығы 10 минуттан 20 минутқа дейін созылады. 

11. 14 Сеанс аяқталғаннан кейін оператор-зертханашы емделушіні мейірбике постына дейін алып барады, онда мейірбике пациенттің жалпы жағдайын бағалайды және қажет болған жағдайда емдеуші дәрігерді шақырады. 

11. 15 Науқастың жағдайы қанағаттанарлық болса, ол үйге жіберіледі, оған сәулелік терапияның келесі сеансына қатысу күні мен уақыты белгіленеді. 

11. 16 Науқас әзірленген емдеу жоспары бойынша толық емдеу курсын алады. 

11. 17 Егер науқастың жағдайы нашарлағанын білдіретін белгілер пайда болса, емдеуші дәрігер емдеу тактикасын өзгертуі мүмкін. 

11. 18 Емдеудің толық курсын аяқтағаннан кейін пациент әрі қарай тұрғылықты жері бойынша учаскелік онкологтың қабылдауына жүгіну бойынша егжей-тегжейлі ұсыныстармен үйге шығарылады. 

12 Химиотерапия процедурасы. 

12. 1 Химиотерапия химиотерапиялық емшара бөлмесінде жүргізіледі. 

12. 2 Химиотерапия процедурасын жүргізу үшін дәрілік препаратты дозалап енгізуге арналған құрылғы – инфузомат қолданылады. 

12. 3 Онкологпен және химиотерапевтпен кеңескеннен кейін науқас емшара бөлмесіне жіберіледі. 

12. 4 Химиотерапия процедурасы алдында мейірбике бастапқы мейірбикелік тексеруді және науқасты сәйкестендіруді жүргізеді. 

12. 5 Науқас қашықтан басқару пульті арқылы басқарылатын мамандандырылған креслоға отырғызылады

12. 6 Емдеуші дәрігер химиотерапия мейірбикесінің қатысуымен тайм-аут процедурасын жүргізеді, осылайша химиотерапияға рұқсатты растайды. 

12. 7 Химиотерапия процедурасы дәрігердің емдеу жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. 

12. 8 Науқастың жағдайын бақылау науқастың күнделікті тексеру картасына жазылады

12. 9 Көктамыр ішіне енгізу вазофикс көктамырішілік ткатетерін қолдану арқылы қамтамасыз етіледі. Порт жүйесі бар болса, Губер инесі орнатылады. 

12. 10 Химиотерапиялық препараттарды сұйылту ламинарлы шкаф және бейнекамера орнатылған мамандандырылған бөлмеде жүргізіледі. Клиникалық фармаколог дәрігер химиотерапевттің тағайындауын екінші рет оқиды. 

12. 11 Науқас сұйылтуды планшет арқылы бақылайды

12. 12 Химиотерапия аяқталғаннан кейін мейірбике науқастың жалпы жағдайын бағалайды және қажет болған жағдайда емдеуші дәрігерді шақырады. 

12. 13 Науқастың жағдайы қанағаттанарлық болса, пациент үйіне жіберіледі, оған химиотерапия процедурасын жасаудың келесі күні мен уақыты белгіленеді. 

12. 14 Пациент әзірленген емдеу жоспарына сәйкес толық емдеу курсын қабылдайды

13 Пациент: 

13. 1 Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға;

13. 2 диагностика, емдеу процесінде өзіне лайықты қарым-қатынас жасалуына, мәдени және жеке құндылықтарының құрметтелуіне;

13. 3 қандай да бір кемсітушілік факторлардың әсерісіз тек медициналық критерийлер негізінде айқындалатын кезекпен медициналық көмек алуға;

13. 4 жедел және шұғыл көмек көрсету жағдайларын қоспағанда, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсететін дәрігерді немесе медициналық ұйымды таңдауға, ауыстыруға;

13. 5 Орталықта дыбыс және (немесе) бейнебақылау және жазу жүргізілетіні туралы хабарлама алуға;

13. 6 өзінің денсаулық жағдайы туралы (ықтимал қауіптер мен артықшылықтар, ұсынылатын және балама емдеу әдістері туралы ақпарат, емдеуден бас тартудың ықтимал салдары туралы ақпарат, диагноз, болжам және емделушіге қолжетімді нысанда емдеу жоспары туралы ақпарат, сондай-ақ оны үйге шығару немесе басқа медициналық ұйымға ауыстыру себептеріне түсініктеме) ақпаратты және тәуелсіз пікірді алуға және консилиумның өткізілуіне;

13. 7 көру және (немесе) есту қабілеті бұзылған адамдар үшін қол жетімді болуын ескере отырып, өзінің құқықтары мен міндеттері, көрсетілетін қызметтер, ақылы қызметтердің құны және қосымша ақы мөлшері, оларды көрсету тәртібі туралы, тағайындалған дәрі - дәрмектер, медициналық қызмет көрсететін медицина қызметкерлері туралы ақпарат алуға;

13. 8 оқу процесіне қатысудан, сондай-ақ диагностикалық және емдеу процедуралары кезінде үшінші тұлғалардың қатысуынан бас тартуға құқылы;

13. 9 Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтар. 

14 Науқас: 

14. 1 Орталық қызметкерлерімен қарым-қатынас кезінде құрмет пен әдептілік танытуға;

14. 2 Орталықта болу ережелерін сақтауға;

14. 3 Орталықтың мүлкіне ұқыпты қарауға;

14. 4 дәрігерге сәулелік терапия алу үшін қажетті барлық ақпаратты беруге;

14. 5 емдеу кезінде, сондай-ақ айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың пайда болуы немесе оларға күдік туындаған жағдайда денсаулық жағдайының өзгеруі туралы медициналық қызметкерлерге жедел хабарлауға;

14. 6 Орталықта емделу кезінде дәрігерлік нұсқамаларды, сондай-ақ шығарылғаннан кейін дәрігердің ұсынымдарын сақтауға;

14. 7 үй-жайларда және жалпы пайдалану орындарында тазалықты сақтауға;

14. 8 басқа пациенттердің құқықтарын бұзатын әрекеттерді жасамауға міндетті.

Пациенттер диагностикалық, емдеу немесе сервистік қызметтерге қанағаттанбаған жағдайда, пациент/пациенттің өкілі қолдау алу үшін мына байланыстарға жүгіне алады: Қызмет көрсету сапасын бақылау және пациенттің қауіпсіздігі қызметінің басшысы – Нұразханова Жанат Шуренқызы 8 701 527 16 87, қызмет менеджері - Намазова Әзиза Серікқызы 87014075267, TOMO. KZ сайтына. 

Сондай-ақ пациент/пациенттің өкілі орталық координаталарын жазып, 2GIS. KZ сайтына, Астана қ. әкімдігінің I - Көмек 109, тәулік бойы жұмыс істейтін қала тұрғындарының өтініштері бойынша бірыңғай байланыс орталығына, Е - Өтінішке, Дамумед АЖ-не хабарласа алады

№ 1 қосымша

Томотерапия қабылдау үшін қажетті құжаттар тізімі

1) Ауруды морфологиялық растау (орындалған биопсияның гистологиялық деректері). 

2) Кеуде қуысы мүшелерінің рентгенографиясы, ЭКГ зерттеуі, құрсақ қуысы мен ішастар арты кеңістігінің УДЗ, кіші жамбас мүшелерінің УДЗ, ЭхоКГ (55 жас және одан үлкен жастағы науқастарға); УЗДГ (тамырлар зақымданған болса), 50 жастан асқан әйелдер үшін маммография, 35 жастан асқан әйелдер үшін сүт бездерінің ультрадыбыстық зерттеуі, 50 жастан асқан ер адамдар үшін қан ПСА. 

Орталық жүйке жүйесінің ісіктері: контрастпен бас миының МРТ, невропатологтың кеңесі, офтальмологтың кеңесі. 

Бас және мойынның ісіктері: мойын лимфа түйіндерінің ФЛС/ФНЛС, УЗИ, бас сүйегінің түбінен бұғана сүйегіне дейін контрастпен КТ. Егер процесс кең таралған болса, ФГДС көрсеткіштері бойынша ісіктің орналасуына байланысты. ПЭТ-КТ (метастаздың жоғары қаупі бар таралған ісіктер үшін);

Өкпенің, көкіректің ісіктері: бронхоскопия, кеуде сегментін контрастпен КТ, егер процесс кең таралған болса, ФГДС, кіші жасушалы өкпе ісігі кезінде мидың МРТ. ПЭТ-КТ (метастаздың жоғары қаупі бар таралған ісіктер үшін);

Өңеш ісіктері: ФГДС, өңештің томографиясы, контрастпен өңештің рентгеноскопиясы. Процесінің таралуында ФБС. ПЭТ-КТ (метастаздың жоғары қаупі бар таралған ісіктер үшін);

Кіші жамбас ісіктері (простата обыры, тік ішек обыры, қуық, операциядан кейінгі гинекологиялық): контрастпен кіші жамбастың МРТ, РРС, цистоскопия. Қуық асты безінің патологиясы кезінде простата безінің трансректалды ультрадыбыстық зерттеуі қажет. ПЭТ-КТ (метастаздың жоғары қаупі бар таралған ісіктер үшін);

Зерттеудің мерзімі кеңес беру кезінде 1 айдан аспауы керек. 

3) Зертханалық зерттеулер: 10 күн жарамды жалпы қан талдауы, 10 күн жарамды биохимиялық қан талдауы, 10 күн жарамды коагулограмма, 10 күн жарамды жалпы зәр талдауы, 3 ай жарамды АИТВ-ге қан, 1 ай жарамды В, С гепатитіне, 10 күн жарамды микрореакцияға қан талдауы. 7 күн жарамды COVID-19 ПТР. 

4) Бейінді мамандармен кеңесуге көрсеткіштер: 

- кардиологтың кеңесі (50 жастағы және одан асқан науқастар, сондай-ақ қатар жүретін жүрек-қантамыр патологиясы бар 50 жасқа дейінгі науқастар);

- невропатологтың кеңесі (ми қан айналымы бұзылыстары, соның ішінде инсульт, бас миы мен жұлын жарақаттары, эпилепсия, миастения, нейроинфекциялық аурулар, сондай-ақ есін жоғалтудың барлық жағдайларында);

- гастроэнтерологтың кеңесі (егер сыртартқысында асқазан-ішек жолдарының қатар жүретін патологиясы бар болса);

- нейрохирургтың кеңесі (мидың, омыртқаның метастаздары болған жағдайда);

- торакальды хирургтың кеңесі (өкпеде метастаздар болған кезде);

Эндокринологтың кеңесі (эндокриндік органдардың қатарлас патологиясы болса). 

Ауруды алдын ала емдеу туралы барлық деректер (мамандандырылған онкологиялық мекемелердің медициналық құжаттарынан үзінділер мен анықтамалар). Бұрын сәулелік терапия жасалған жағдайда емдеу әдісін, сәулеленген көлемдерді, радиацияның бір реттік және жалпы сіңірілген дозаларын толық сипаттау қажет.