award-2023
Қазақстан, Астана қ., Абылай хан даңғылы 42/1, кіру Минская көш., 24 (Майлин көш. бұрышы) жағынан

Миссиясы:

Миссиясы:

Емдеуге барар жолда бізбен бірге үміт сыйла!

Пайымдауы:

«ҮМІТ» Халықаралық онкологиялық томотерапия орталығы жоғары білікті кадрлық әлеуетті, ғылым мен техниканың озық жетістіктерін пайдалана отырып, дәлелденген клиникалық тиімділікпен қауіпсіз практиканы енгізе отырып, онкологиялық аурулары бар пациенттерді емдеудің жоғары стандарттарын қамтамасыз ететін орталық болады.

«ҮМІТ» Халықаралық онкологиялық томотерапия орталығы қатерлі ісіктерді ерте анықтау және заманауи диагностика үшін барлық қажетті медициналық қызметтер спектрін көрсетеді, әрі қарай үдерістің таралуының барлық сатыларында онкологиялық ауруларды тиімді кешенді емдеуді жүргізеді.

Негізгі құндылықтар:

* Тұтастық-біз пациенттеріміздің бізге көрсететін сеніміне лайықты кәсіпқойлық, этика және жеке жауапкершіліктің ең жоғары стандарттарын ұстанамыз.

* Құрмет-біз әрбір емделуші мен қызметкердің ұлты, діні және материалдық әл-ауқатына қарамастан, оның жеке басы мен қажеттіліктерін құрметтейміз.

* Командалық тәсіл-пациентті емдеуде біз жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін барлық кадрлық әлеуетті пайдаланамыз.

* Инновациялар және дәлелденген әдістер-біз онкология саласында заманауи ғылымның ең жаңа әдістемелері мен үздік жетістіктерін пайдаланамыз.

«ҮМІТ» Халықаралық онкологиялық томотерапия орталығы - онкологиялық ісіктермен күресу үшін заманауи әлемде сәулелік терапияның ең тиімді түрі — томотерапия қолданылатын Қазақстандағы алғашқы обырды емдеудің медициналық орталығы.

Орталық қатерлі ісікті емдеудің үздік еуропалық клиникаларының үлгісі бойынша құрылған.


«ҮМІТ» Халықаралық онкологиялық томотерапия орталығы қатерлі ісіктерді ерте анықтау және қазіргі заманға сай диагностикалау үшін, әрі қарай аурудың барлық сатыларында тиімді кешенді емдеу жүргізумен медициналық қызметтердің кең спектрін көрсетеді:

- Томотерапия

- Амбулаториялық химиотерапия

-Радиациялық-онколог, онколог-маммолог, онколог-хирург, гастроэнтеролог, эндокринолог, уролог және т. б. мамандардың кеңесі.

- Диагностикалық қызметтер: компьютерлік томография, маммография, УДЗ зерттеулерінің барлық түрлері, эндоскопия, колоноскопия

- Емшара кабинетінің қызметтері

Біздің орталықтың негізгі мақсаты сәулелік терапия саласында медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, өлім-жітімді, мүгедектікті, жанама әсерлерді азайту, әлемдегі онкологиялық науқастардың өмір сапасын жақсарту болып табылады. Осы мақсатта орталықта Accuray (АҚШ) компаниясы шығарған tomotherapy HD сәулелі терапиясының инновациялық аппараттары орнатылды.

Біздің мамандар емдеуді таңдаған кезде басшылыққа алатын қағидаттар – бұл жоғары дәлдіктегі диагностика, тиімді емдеу және толыққанды өмірге тез оралу.

Емдеу әдістемесін анықтау әрбір нақты жағдай үшін жеке жүргізіледі. Патологиялық ісіктермен күресу әдістері Күрделі және аралас болуы керек, бұл пациенттің денсаулығына ең аз зиян келтіре отырып, қажетті нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

TomoTherapy HD жүйесі-қатерлі ісікпен күресудің ең сенімді тәсілі. Бұл жүйе біздің орталығымызда қолданылады, бұл ісікке сәулелену дозасын кез-келген бұрышпен жеткізуге, сәулеленудің қарқындылығын реттеуге, сондай-ақ ісікке іргелес тіндер мен мүшелерді сәулеленуден қорғауға мүмкіндік береді. Томотерапия басқа емдеу оң нәтиже бермеген жағдайда тиімді болуы мүмкін. Tomotherapy HD аппараты онкологиялық ісіктермен күреседі және хирургиялық емдеуге келмейтін немесе қол жетімді емес жерлерде орналасқан ісіктерге, кез-келген мөлшердегі, пішіндегі және локализациядағы ісіктерге де әсер ете алады. Томотерапия салауатты тіндерге аз әсер ете отырып, нәтижелі ем жүргізуге мүмкіндік береді, бұл ауыр жанама әсерлерді болдырмауға және пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді.