Дамумедтен талдауларды қалай алуға болады

Құрметті пациенттер, талдау қорытындыларын сіз Damumed қосымшасының көмегімен өз бетіңізше ала аласыз

Ұялы телефонға Damumed қосымшасын төмендегілердің көмегімен жүктеуге болады:

  1. damumed.kz сайты
  2. PlayMarket (Android)
  3. AppStore (iOS)
  4. HUAWEI AppGallery

Қосымшада тіркелу үшін:

  1. «Профильді» басыңыз, содан кейін «Кіру» және «Тіркелу» дегенді басыңыз
  2. Логин мен парольды ойлап табыңыз Пароль латын әріптерінен, цифрлардан және ‘!@#$%&’ арнайы белгілерін қамтуы және кемінде бір бас әріптен тұруы керек. Парольдің ұзындығы кемінде 8 белгі болуы керек.
  3. Өзіңіздің деректеріңізді енгізіңіз: атыңызды және тегіңізді, туған күніңізді, жынысыңызды және телефон нөміріңізді
  4. Телефон нөмірін растау үшін суреттегі кодты енгізіңіз
  5. Өз нөміріңізді растаңыз және SMS-тегі кодты енгізіңіз Қосымшаның барлық мүмкіндіктеріне қол жеткізу үшін медициналық мекеменің тізілімі немесе EGov мобильді азаматтар базасы арқылы жеке басыңызды растау қажет

Damumed қосымшасындағы сіздің талдауларыңызды төмендегідей жолмен қарауға болады:

  1. «Медкарта» бөлімін таңдаңыз;
  2. «Медициналық деректер» қосымша бетін ашыңыз;
  3. «Талдаулар» қосымша бетін ашыңыз; Қажет болған жағдайда белгілі бір мерзімге талдауларды көру үшін сүзгіні пайдалаңыз.
Науқасқа естелік