award-2023
Қазақстан, Астана қ., Абылай хан көшесі 42\1, кіру Минская көш., 24 (Майлин көш. бұрышы) жағынан

Диагностикаға немесе емделуге қалай келуге болады

ДИАГНОСТИКАҒА НЕМЕСЕ ЕМДЕЛУГЕ ҚАЛАЙ КЕЛУГЕ БОЛАДЫ

Маманның кеңесін алу

Біздің Орталықта емделушілер медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, ерікті медициналық сақтандыру аясында және коммерциялық негізде дәрігерлердің кеңесін ала алады.

Қабылдауды біліктілігі жоғары санатты дәрігерлер, медицина ғылымдарының кандидаттары мен докторлары жүргізеді.

  • Радиациялық онколог (соның ішінде, онлайн режимде)
  • Маммолог
  • Онколог-химиотерапевт
  • Онкогинеколог
  • Эндокринолог
  • Онкоуролог
  • Уролог
  • Дерматолог
Біздің емхана сізге көмектеседі

Мамандардан кеңесті қалай алуға болады

  1. Маманды таңдайсыз
  2. Байланыс орталығынан кеңес алу шарттарын сұрап білесіз/веб-сайтта сұраныс қалдырасыз, біз сізге қайта қоңырау шаламыз
  3. Дәрігерге жазылу және қабылдау тәртібін білесіз
  4. Бізге қалай жетуге болатынын білесіз

Қызметтерді ТМККК шеңберінде алу

1. Сіз біздің Орталықта тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында ем ала аласыз. Ол үшін алдымен біздің мамандардан кеңес алу керек. Кеңес алу тегін.

1. Бізге келесі ақпаратты info@tomo.kz электрондық поштасына жіберіңіз, біз сізге бастапқы кеңес алу үшін хабарласамыз:

- Қойылған диагноз - Барлық талдаулар мен зерттеулердің нәтижелері, соның ішінде жанама аурулардың болуын көрсететін зерттеулер.

Диагностикалық зерттеулер

Біздің Орталықта мына процедуралар жүргізіледі:

  • КТ диагностика
  • Компьютерлік томография контрастсыз
  • Компьютерная томография контрастпен
  • Компьютерлік-томографиялық ангиография (КТА)
  • Биопсия
  • Цитологиялық зерттеумен УДЗ бақылауындағы биопсия
  • Гистологиялық зерттеумен трепанбиопсия
  • Гистологиялық зерттеумен УДЗ бақылауындағы трепанбиопсия
  • Гистологиялық зерттеумен эксцизиялық биопсия
  • Кеңейтілген кольпоскопия
  • Жатыр мойнының биопсиясы мақсатты
  • УДЗ диагностикасы
  • Құрсақ қуысы, бүйрек және ішастар арты кеңістігін органдарын УДЗ
  • Кіші жамбас органдарын УДЗ (трансабдоминалды)
  • Кіші жамбас органдарын УДЗ (трансвагиналды)
  • Көзді УДЗ
  • Бас миды УДЗ
  • Лимфа түйіндерін УДЗ
  • Сүт бездерін УДЗ
  • Сүт бездерін УДЗ доплерографиямен
  • Қуықты УДЗ
  • Ұма органдарын УДЗ
  • Жұмсақ тіндерді УДЗ
  • Өкпеқап қуысын УДЗ
  • Жалғыз жүктілік кезіндегі доплерографиямен ұрықты УДЗ
  • Көп жүктілік кезіндегі доплерографиямен ұрықты УДЗ
  • Доплерографиялық ультрадыбыстық зерттеу
  • Ұрықты УДЗ
  • Еркектің жыныс мүшесін УДЗ
  • Қуық асты безін УДЗ
  • Бүйрек және бүйрек үсті бездерін УДЗ
  • Буындардың УДЗ
  • Қалқанша безін УДЗ
  • Гепатодуоденальды аймақты (бауыр, өт қабы, ұйқы безі және көкбауыр) УДЗ
  • Функционалдық диагностика
  • Эхокардиография
  • Эндоскопия
  • Видеоэзофагогастродуоденоскопия
  • Видеоколоноскопия
  • Видеобронхоскопия
  • Видеоректоскопия
  • Видеоназоларингоскопия
  • Эндоскопиялық полипэктомия
  • Шырышты қабықты (өңешті, асқазанды, тоқ ішекті) эндоскопиялық кесу
  • Шырышасты қабатта диссекциямен шырышты қабықты эндоскопиялық кесу
  • Жіп бойымен сүмбілеу
  • Өңешті, асқазанды эндоскопиялық стенттеу
  • Он екі елі ішекті, тоқ ішекті эндоскопиялық стенттеу
  • Эндоскопиялық биопсия
  • Эндоскопиялық бақылаумен зондты енгізу
  • Эндоскопиялық баллонды кеңейту
  • Саниациялық бронхоскопия
  • Эндоскопиялық гастростомия
  • Диагностика және емдеу бағдарламалары

Аспаптық зерттеуді қалай тапсыруға болады

  1. Жасағыңыз келетін зерттеуді таңдаңыз
  2. Құны, дайындық және ережелер туралы біздің байланыс орталығымыздан біліңіз
  3. Біздің байланыс орталығымызда тіркелу (қажет болса) және қабылдау тәртібін біліңіз
  4. Бізге қалай жетуге болатынын біліңіз