award-2023
Қазақстан, Астана қ., Абылай хан даңғылы 42/1, кіру Минская көш., 24 (Майлин көш. бұрышы) жағынан

Қызмет сапасын бақылау қызметі

Пациенттердің қауіпсіздігі мен қызметтерінің сапасын бақылау қызметі

Пациенттердің қауіпсіздігі мен қызметтерінің сапасын бақылау қызметі ПҚҚСБ пациенттердің уақтылы, сапалы және қауіпсіз медициналық қызметтерді қажетті көлемде алу құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған Орталықтың ішкі процестерін оңтайландыруға негізделген медициналық қызметтердің сапасын басқару жүйесін жетілдіру үшін құрылған. Қызметтің жұмысы" «ҮМІТ» Халықаралық онкологиялық томотерапия орталығы құрылтайшысының шешімімен бекітілген «Пациенттердің сапасы мен қауіпсіздігін үздіксіз арттыру жөніндегі бағдарлама» арқылы іске асырылады.

Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде:

медициналық, сервистік қызметтердің сапасын және пациенттер үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, орталықтың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жүйелі, тәуелсіз және құжатталған процестерден, үздіксіз, өзара байланысты іс-әрекеттерден тұратын медициналық көмектің сапасын басқарудың оңтайлы моделі жасалатын болады.

Бағдарлама Орталықтың барлық қызметкерлері, сыртқы консультанттар және орталықта қызмет көрсететін сыртқы келісімшарттық ұйымдардың қызметкерлері үшін міндетті болып табылады, сондай-ақ пациенттерді, отбасы мүшелерін және келушілерді тартады.

Біздің емхана сізге көмектеседі

Орталық басшылығы мыналарға жауапты:

  • пациенттің сапасы мен қауіпсіздігін жақсарту және арттыру үшін басым бағыттарды айқындау;

  • Орталық деңгейінде тиімдліктің негізгі көрсеткіштерін (КРІ) айқындау;


  • JCI стандарттарының талабы бойынша клиникалық, басқару салаларында және пациенттің қауіпсіздігінің халықаралық мақсаттары бойынша индикаторлар айқындалуы тиіс жоғары тәуекел салаларын айқындау;

  • процестерді, қызметтердің сапасын және пациенттердің қауіпсіздігін жақсарту бойынша басқарушылық шешімдер қабылдауды талап ететін мәселелер бойынша ұсыныстарды құрылтайшының қатысуымен Медициналық кеңестің талқылауына шығару.

Бөлім басшылары мыналарға жауапты:

  • JCI ұлттық және халықаралық стандарттарын қолдау және енгізу

  • жақсарту үшін басым бағыттарды және оларды өлшеу үшін индикаторларды айқындау

  • пациенттерге, оның отбасы мүшелеріне және Орталық персоналына, сондай-ақ емдеу сапасы мен қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін жоғары қауіпті салаларды анықтау

  • клиникалық хаттамаларды, ішкі ережелерді енгізу бойынша жұмыстың басымдықтарын айқындау

  • жұмыс тиімділігін арттыру жөніндегі жобаларды орындау үшін жұмыстың басымдықтарын айқындау

Сапа қызметі мыналарға жауапты:

  • жалпы ауруханалық деңгейде, сондай-ақ Орталық бөлімшелері деңгейінде Орталық бойынша индикаторларды таңдауда әдіснамалық көмек көрсету

  • Орталық бойынша индикаторларды өлшеу бойынша іс-шараларды үйлестіру және біріктіру және деректерді талдау

  • инциденттер туралы хабарлау жүйесін біріктіруді орындау, инциденттерді талдау және жақсарту бойынша шешімдер қабылдау үшін комиссияларға, басшылыққа деректерді ұсыну

  • деректерді жинауды үйлестіру, валидациялау, деректерді талдау және жиынтық (біріктірілген) деректерді сапа индикаторлары бойынша тиісті комиссияларға, Орталық бөлімшелеріне беру

  • жалпы конференцияларда сапа индикаторлары, нәтижеліліктің негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу және басқа да деректер бойынша есептер ұсыну

  • ішкі аудит арқылы қызмет көрсету сапасын сараптау, пациенттердің қауіпсіздігі бойынша трейсерлер жүргізу

  • сауалнама арқылы кері зерттеу, деректерді басшылыққа жеткізе отырып, пациенттердің қанағаттануын талдау

  • персоналды әзірленген стандартты операциялық рәсімдер мен саясаттар талаптарына оқыту


Орталықтың Персоналы

- пациенттің құқықтарын сақтау, міндеттерді уақытылы және сапалы орындау, инциденттер туралы есептерді ресімдеу, мониторингке және индикаторлар бойынша деректерді жинауға қатысу, пациентті/пациент өкілдерін оқыту

Пациенттер / өкілдері

- пациенттің құқықтары мен міндеттерін сақтау, оқыту, пациенттің қауіпсіздігі бойынша халықаралық мақсаттар бойынша ішкі қағидалар талаптарын және ішкі тәртіп қағидаларын орындау, сауалнамаға қатысу, инциденттер туралы хабарлау.

Пациенттердің жүгінуіне арналған қызметтің байланыс телефондары тіркеу орны 8 (7172) 95-44-84; ішкі телефон 10-06; сапа жөніндегі менеджердің телефоны 8 701 407 52 64