Орталыққа бару туралы ескерту
Құрметті пациенттер, төменде біздің орталыққа келген кезде орындалуы тиіс шаралар көрсетілген.
- Орталыққа кірер кезде бахила киіңіз (бахилалар киюге арналған автоматты құрылғы орнатылған)
- Өзіңізбен бірге бетперде алып жүріңіз, орталықта бетперде тәртібі орнатылған
- Гардероб аймағына өтіңіз және сырт киіміңізді тапсырыңыз
- Пациенттің жеке басын сәйкестендіру және тіркеу үшін тіркеу аймағына өтіңіз (жеке куәлікті/Каспи қосымшасындағы электронды куәлікті көрсетіңіз)
- Төлем жасау үшін кассаға өтіңіз (кеңес алу, зерттеу, шаралар)
- Тіркеу аймағына оралыңыз, тіркеушілер сізді қажетті жерге сілтейді