Құрметті пациенттер, талдау қорытындыларын сіз Damumed қосымшасының көмегімен өз бетіңізше ала аласыз
Ұялы телефонға Damumed қосымшасын төмендегілердің көмегімен жүктеуге болады:
- damumed.kz сайты
- PlayMarket (Android)
- AppStore (iOS)
- HUAWEI AppGallery
Қосымшада тіркелу үшін:
- «Профильді» басыңыз, содан кейін «Кіру» және «Тіркелу» дегенді басыңыз
- Логин мен парольды ойлап табыңыз Пароль латын әріптерінен, цифрлардан және ‘!@#$%&’ арнайы белгілерін қамтуы және кемінде бір бас әріптен тұруы керек. Парольдің ұзындығы кемінде 8 белгі болуы керек.
- Өзіңіздің деректеріңізді енгізіңіз: атыңызды және тегіңізді, туған күніңізді, жынысыңызды және телефон нөміріңізді
- Телефон нөмірін растау үшін суреттегі кодты енгізіңіз
- Өз нөміріңізді растаңыз және SMS-тегі кодты енгізіңіз Қосымшаның барлық мүмкіндіктеріне қол жеткізу үшін медициналық мекеменің тізілімі немесе EGov мобильді азаматтар базасы арқылы жеке басыңызды растау қажет
Damumed қосымшасындағы сіздің талдауларыңызды төмендегідей жолмен қарауға болады:
- «Медкарта» бөлімін таңдаңыз;
- «Медициналық деректер» қосымша бетін ашыңыз;
- «Талдаулар» қосымша бетін ашыңыз; Қажет болған жағдайда белгілі бір мерзімге талдауларды көру үшін сүзгіні пайдалаңыз.