award-2023
Қазақстан, Астана қ., Абылай хан даңғылы 42/1, кіру Минская көш., 24 (Майлин көш. бұрышы) жағынан

Орталықта емделіп шыққан пациенттердің мәтіндік пікірлері

Құрметпен Тайжанова А.Р.

10 мамыр 2023ж.

Құрметті «Үміт» клиникасының қызметкерлері, Сіздерге үлкен адамгершілік алғыс айтамын. Сіздің емхана келгенде, мені барлық саладағы мінсіз тәртіп, медицина қызметкерлерінің пациенттердің барлығына, кәрісі мен жасына бірдей зор ілтипаты таң қалдырды!

Борис Викторович, сізге рахмет, сізге барлық жақсылықты тілеймін, сіз секілді ақ халаттылар біздің заманымызда өте қажет! Деңіңіз сау болсын!

Зейінді сұлу қыздар – Жібек, Нұрқасия, Бәтима, Жанна.

Мен өте ризамын, рахмет сіздерге. Бақытты болыңыз.

Құрметпен Воронова О.И.

2 мамыр 2023ж.

Орталықтың барлық қызметкерлеріне біліктілігі, ілтипаттылығы, ізгі ниеті, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі үшін алғыс айтамын.

Сауығу және қалыпты өмірге оралу үмітін сыйлағандарыңыз үшін рахмет.

Сіздерге бар жақсылық және денсаулық, ал Орталығыңызға және сізге өркендеу тілеймін!!!

Ауыр науқастарды емдеуде жаңа жеңістерге жете беріңіздер!!!

Тен Ф.Р.

1 мамыр 2023ж.

Жасаған емі, баспанамен қамтамасыз еткені үшін «UMIT» томоорталығына үлкен алғысымды білдіремін. Өте мейірімді персонал, пациенттерге үлкен көңіл бөледі.

Маған өмірге үміт сыйлағандарыңыз үшін барлығыңызға рахмет. Мен барлығын шын жүректен құшақтаймын.

Бақыт, денсаулық, сәттілік тілеймін.

Құрметпен Туреева Б.Т.

26 сәуір 2023ж.

Бримова Айгүл Демеуғалиқызына алғысымды білдіремін. Бұл менің консультацияға бірінші рет келуім еді. Дәрігер мұқият тексеріп, невропатологпен кеңесу керек екенін анықтады, өйткені ауырсыну неврологиямен байланысты болды. Өте шырайлы, білікті дәрігер, менің денсаулығыма, әрі қарай қалай жүру керектігі туралы және менің хал-жағдайымды жақсартатын нәрселер туралы кеңес берді. Ілтипатыңыз, мейірімділігіңіз және қамқорлығыңыз үшін алғыс.

Тілек білдіруші Каженов Ғ.Ш.

25 сәуір 2023ж.

Мен Каженов Ғабит Шаяхметұлы, мен «Үміт» томотерапиясынан Ақтөбеден келіп ем алдым. Дәрігерлерге, регистратурадағы қыздарға алғысым шексіз, өте мәдениетті, мейірімді жандар екен. Үміт томотерапия клиника ұжымына үлкен рахметімізді айтып , зор табыс тілеймін.

Құрметпен Высоцкая Л.Б.

24 сәуір 2023ж.

Мен, пациент Высоцкая Людмила Борисовна, «Umit» томотерапия орталығының бүкіл ұжымына кәсібилігі, біліктілігі, ең бастысы, емделу барысында сезілген ілтипаты мен қамқорлығы үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді. Қиын жағдайда да бәрі қамқор болды және бей-жай қарамады.

Баршаңызға зор денсаулық, амандық, бақ-береке тілеймін!

Дәл осындай үлкен кәсіби маман болып қала беріңіздер!

Клепченко А.В.

21 сәуір 2023ж.

Мен, пациент, Клепченко Алина, «Umit» орталығында томотерапия емін қабылдап жатырмын, 25 сеанс, бір ай бойы бүкіл ұжым мені тамаша қарсы алды, осы орталықтың барлық қызметкерлеріне алғысымды білдіргім келеді, барлығы да жоғары білікті, сүйіспеншілікке толы, ақкөңіл, тәжірибелі, өз ісінің кәсіби мамандары.

Баршаңызға денсаулық, бастарыңызда бейбіт аспан, амандық тілеймін! Барлығы үшін рахмет!

Құрметпен Дьякова Н.В.

20 сәуір 2023ж.

Мен пациент Дьякова Н.В., сіздердің «Үміт» мекемеңізде емделіп жатырмын. Сіздердің мекемелеріңіздің барлық қызметкерлеріне үлкен алғысымды білдіргім келеді.

Бұл мекемеге алғаш қадам басқаннан ізгі ниет, құрмет пен жұмысына деген сүйіспеншілік атмосферасы бірден сезіледі. Жылы аура, тазалық, жайлылық және ыңғайлылық. Ал бұл осындай аурумен ауыратын біздер үшін өте маңызды.

Тіркеу бөліміндегі қыздардан бастап барлық қызметкерлер әрқашан сыпайы, күлімдеп жүреді, әркім өз міндеттерін нық орындайды. Емдейтін және томотерапияны жүргізетін дәрігерлерге олардың адал жұмысы және біздерге, пациенттерге сыпайы қарым-қатынасы үшін алғыс айтамыз.

Мекемеңізде өте жағымды жағдай мен аура.

Мекемеңізде осындай жылы қарым-қатынас пен жайлылық орнатқаныңыз үшін рахмет, өте әсерлі. Мекемеңіздің барлық қызметкерлеріне денсаулық, табыс, отбасылық бақыт, сәттілік пен өркендеу тілеймін.

Жумабаева Н.А.

18 сәуір 2023ж.

Үлкен рахметімді айтамын, жұмысы алға баса берсін. Мұндай ауруды ешкімнің басына бермесін деп Алладан тілеймін. Мен жазылып шықтым бұл жаман аурудан. Еш өкінбеймін «Үміт» клиникасына келіп ем алғаныма. Көп рахмет сізге Болат Шакирович, қолыңыз дерт көрмесін ешқашан, жұмысыңыз алға баса берсін, бала-шағаңыздың тек қуанышын көруді жазсын сізге Аллам. Көп рахмет.

Құрметпен Воронин А.В.

6 сәуір 2023ж.

Барлық ұжымға өркендеу мен денсаулық тілеймін, қамқорлықтарыңыз үшін алғыс айтамын.

Біздің емхана сізге көмектеседі
Дисавенко М.В.

5 сәуір 2023ж.

Мен, Дисавенко Марина Владимировна, «UMIT» орталығында 18 сеанс томотерапиядан өттім. Бізге көрсеткен ықыласы, ілтипаты үшін барлық қызметкерлерге алғыс айтқым келеді. Кәсібиліктеріңіз бірден байқалады. Сіздерге үлкен рахмет! Барлығына денсаулық және амандық тілеймін!

Куламбекова А.Ж.

4 сәуір 2023ж.

Мен, Джакупов Жұмабектің қызымын, есімім Куламбекова Айгул Жумабекқызы. Біз томотерапияға келіп ем алдық. Дәрігерге, регистратурадағы көмекші қыздарға ризамыз, өте мейірімді. Осындай Республикалық дәрежедегі Үміт томотерапия орталығының ұжымына үлкен рахметімізді білдіріп, табыс тілейміз. Сіздерге көп рахмет, ризамыз!

Есенжолова А.Ж.

31 наурыз 2023ж.

Мен, Есенжолова Ардақ, «Үміт» орталығында 25 күн томотерапиядан өттім, барлық медицина қызметкерлеріне сыпайылық пен ықыластылық танытқаны үшін алғыс айтамын. Тіркеу бөліміндегі қыздарға ерекше алғыс. Сіз өз салаңыздың кәсіби мамандарысыз. Баршаңызға ең бастысы зор денсаулық, амандық тілеймін!!!

Дәметов А.Б.

31 наурыз 2023ж.

Мен, Даметов Ардақ Боташұлы. Сіздерге өте ризамын. Сіздердің қызметтеріңізге көп-көп рахмет.

Я, Даметов Ардак Боташулы. Очень вам благодарен. Спасибо за ваш труд.

Алғыспен Байгалканов А.Д.

31 наурыз 2023ж.

«Үміт» онкологиялық орталығының қызметкерлеріне пациенттерге көрсететін мейірімділігі, ілтипаты мен құрметі, жақсы қарым-қатынасы және адал еңбегі үшін үлкен алғыс айтамын. Дәрігер Индира Қайырқызының кәсіби шеберлігін, көзқарасын ерекше атап өткім келеді. Барша ұжымға шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер тілеймін.

Шын жүректен шыққан алғыспен пациент Сардарбекова І.Т.

31 наурыз 2023ж.

Мен, пациент Сардарбекова Іңкәр, сіздің орталықта томотерапия көмегімен емделдім. Барлық медицина қызметкерлеріне шын жүректен алғысымды білдіргім келеді!!! Атап айтсақ: тіркеу бөліміндегі қыздар Жанна, Венера, Ләззат, мейіргерлер Дидар, Нұрдәулет, Шыңғысқа!!! Әрине, өзімнің емдеуші дәрігерім Индира Қайырқызы Рүстембековаға, радиация бөлімінің меңгерушісі Борис Викторович Цойға!!! Барлықтарыңызға мейірімді көзқарастарыңыз, жылы сөздеріңіз бен қамқорлықтарыңыз үшін көп рахмет!!! Сіздер өте жақсы жұмыс істеп жатырсыздар!!! Бұл орталықта болғаным маған ұнады, ең бастысы жүрегімде тыныштық болды. Әрқайсыларыңызға мықты денсаулық, жарқын күн, жарқын көңіл-күй, жандарыңызға өздеріңіз секілді шынайы жандар тілеймін! Армандарыңыз ең қысқа мерзімде орындала берсін! Кадр бөліміне де алғыс айтамын, әрқайсысы өз орнында, өз жұмысын өте жақсы атқаратын қызметкерлерге рахмет!!! Менің осы пікірімді бас дәрігер Шаяхметов Ержан Мұқатайұлының оқып шығып, жоғарыда аталған барлық қызметкерлерді марапаттауын сұраймын !!! Барлық қызметкерлерге еңбектері үшін тағы да рахмет!

Пустовалова Т.В.

31 наурыз 2023ж.

Сіздердің еңбектеріңізге алғыс айтамын. Сіздерден ем алдым. Қызметкерлерге үлкен рахмет.

Михайлова Г.В.

2 желтоқсан 2022ж.

Медициналық орталықтың барлық қызметкерлеріне олардың кәсібилігі үшін және өте жоғары деңгейдегі кәсібилігі үшін, түсіністігі, көмек көрсетуге дайындығы, ықыласы мен жауапкершілігі үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді.

Емдеші дәрігерлер П.М. Мұхамеджан және И.К. Рустембековке алғыс білдіргім келеді. Бұл өте білікті дәрігерлер, өз ісінің кәсіби мамандары, кез келген қиын жағдайда көмектесуге дайын. Оларға менің сауығып кеткенім үшін, емделудегі табандылықтары үшін мың алғыс.

Медициналық орталықтарыңызға гүлденуді, халыққа бұдан да көп қызмет көрсетуді, барлық қызметкерлерге денсаулық және жақсылық тілеймін.

Химиотерапиядан бастап ұсынылатын қызметтердің және өте жоғары сапасын радиолгтардың жұмысын (барлық қызметкерлердің назары, ықыласы және әдептілігі) тағы бір рет атап өткім келеді (мейірбикелер – өте білікті кәсіби мамандар)!

Сіздерге менің денсаулығым үшін үлкен рахмет!

Сұлтанова Р.Ф.

2 желтоқсан 2022ж.

Орталық ұжымына кәсіби шеберлігі, мұқияттылығы және қамқорлығы үшін үлкен алғысымды білдіремін. Барлық 6 апта мен үшін ыңғайлы, емдеу оңай болды. Баршаңызға денсаулық тілеймін, барлық емделушілеріңіз сауығып, мен сияқты орталықтан қуанып кетуін тілеймін.

Тағы да рахмет! Сіздер ең мықтысыздар! Алға!

Сүйіспеншілікпен,Крайнева Е.В.

26 тамыз 2022ж.

Мен, Крайнева Е.В. томоорталығында ем қабылдадым, бұл жерде барлығы халықаралық стандарттар деңейінде. Клиниканың кіре берісінен бастап ешқандай әуре-сарсаңдық, әбігерлік, жүйке тоздырушылық жоқ.

Барлығы осында келген адамдардың сапалы ем алуы үшін жасалған. Және де клиниканың медициналық қызметкерлерісіз болмайды. Өзімнің емдеуші дәрігерім Д.К.Берікболға және менің сауығуыма үлес қосқан барлықтарыңызға үлкен рахмет айтамын.


Страницы: 1 2 3 След.