award-2023
Қазақстан, Астана қ., Абылай хан көшесі 42\1, кіру Минская көш., 24 (Майлин көш. бұрышы) жағынан

Науқас міндетті

1) орталық қызметкерлерімен қарым-қатынаста сыйластық пен әдептілік танытуға;

2) Орталықта болу ережелерін сақтау;

3) орталықтың мүлкіне ұқыпты қарауға;

4) дәрігерге сәулелік терапия алу үшін қажетті барлық ақпаратты хабарлауға міндетті;

5) емдеу процесінде, сондай-ақ айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар не оларға күдік туындаған жағдайларда денсаулық жағдайының өзгеруі туралы медицина қызметкерлерін уақтылы хабардар етуге міндетті;

6) орталықта емделу кезінде дәрігерлік тағайындауларды, сондай-ақ шығарылғаннан кейін дәрігердің ұсынымдарын сақтауға міндетті;

7) үй-жайларда, жалпы пайдалану орындарында тазалық сақтауға міндетті;

8) басқа пациенттердің құқықтарын бұзатын әрекеттер жасамауға міндетті.