award-2023
Қазақстан, Астана қ., Абылай хан көшесі 42\1, кіру Минская көш., 24 (Майлин көш. бұрышы) жағынан

Колоноскопияға дайындық

UMIT онкологиялық томотерапия орталығы

Тоқ ішекті зертттеуге сапалы дайындыққа қол жеткізу үшін қатаң сақтауды қажет ететін ұсынымдар

Тамақтану рационы. Зерттеуге 2 күн қалғанда құрамында талшық өте төмен диетаны сақтау керек (созылмалы ішқатпа болса – зерттеуге 3 күн қалғанда):

РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ АҚУЫЗДЫҚ ТАҒАМ РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙДІ АҚУЫЗДЫҚ ТАҒАМ

Жұмыртқа, ірімшік;

  • Майы алынған сүт және ашымал сүт өнімдері;
  • Суға қайнатылған майсыз ет және құс (шұжық өнімдерінен басқа);
  • Балықтың майсыз сорттары;
  • Паста (макарондар);
  • Қант, бал.

СҰЙЫҚТЫҚТАР

  • Мөлдір сорпалар
  • Шай және кофе (сүтпен болады)
  • Жұмсағы жоқ шырын (мөлдір немесе сары түсті – алма/жүзім);
  • Алкогольсіз, боялмаған сусындар, су.
  • РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙДІ АҚУЫЗДЫҚ ТАҒАМ

    • Көкөністер, жемістер, жидектер, көк шөптер – кез-келген түрде;
    • Нан-тоқаш өнімдері;
    • Жармалар, ботқалар, дәнді дақылдар, бұршақ;
    • Күнжіт, жаңғақтар, көкнәр (кепкен тоқаштар, тоқаштар және т.б.);
    • Дәнектер және ұсақ дәндер, сондай-ақ сүйегі мен тұқымы бар өнімдер (дәндер мен дәнектері бар нан, тосап және т.б.);
    • Теңіз балдырлары, саңырауқұлақтар.

    СҰЙЫҚТЫҚТАР

    • Алкоголь
    • Тәтті, боялған, газдалған сусындар;
    • Таң, қымыз, квас
    • Жұмсағы бар кез-келген шырындар.

    Зерттеу күнінен бір күн бұрын сағат 16.00-ден кейін қатты тағамды жемеу керек, одан кейін кез-келген көлемде мөлдік сұйықтықтарды ішу керек.

    Таңертең – жеңіл таңғы ас (рұқсат етілген тағамдар тізіміне сәйкес),

    16.00-ге дейін – түскі ас (бұл да рұқсат етілген тағамдар тізіміне сәйкес),

    Кешкі ас – тек қана рұқсат етілген сұйықтықтар (мөлдір сорпалар, шай және кофе (сүтсіз), жұмсағы жоқ шырын, су, алкогольсыз боялмаған сусындар).

    Зерттеу күні таңертең, дайындық аяқталған соң (көк тамырға анестезия немесе бір мезгілде гастродуоденоскопия күтілмесе) тәтті шай, мөлдір, түссіз немесе сары сұйықтықтарды ішуге болады. Зерттеуге дейін 2 сағат бұрын барлық сұйықтықтарды ішуді тоқтату керек, әсіресе зерттеу көктамырішілік анестезиямен жүргізілсе (бұл зерттеу күні таңертең зерттеу жүргізу үшін дайындыққа қажетті міндетті түрде қабылданатын препаратқа қатысы жоқ). Демікпесі бар пациенттерге өздерімен бірге ингалятор алу керек.

    Препараттармен дайындық жасау бойынша жалпы ұсыныстар.

    Кез келген ерітіндіні бөлшектеп ішу керек, кішкене жұтыммен (бір жұтуға болмайды!) 250 мл (1 кесе) әрбір 15 минут сайын. Препарат ерітіндісін қабылдаудың ең басында немесе оның тез және көп мөлшерде қабылдағанда жүрек айнуы мен құсу пайда болуы мүмкін.

    Дәміне байланысты препарат ерітіндісін қабылдау қиын болса, ерітіндіні салқындатылған күйде, коктейль түтігінен ішуге болады, аралығында ерітіндіні аз мөлшерде сумен, тәтті шаймен ішу керек, сонымен қатар мұзды карамельді («бөріқарақат» сияқты кәмпиттер тәттілер,) балды, лимонды және т.б. соруға болады. Симетиконды қосу препарат ерітіндісінің дәмін жеңілдетеді.

    Препаратты қабылдау кезінде қозғалыс белсенділігін сақтау (үйде жүру, денемен айналмалы қозғалыстарды орындау, отырып түру), іштің өзін-өзі массажын жақсы жасау қажет, әсіресе препараттың әсері кешіктірілген жағдайларда.

    Препараттың белсенді әсері препараттың таңертеңгі бөлігін қабылдағаннан кейін 1,5-2 сағатқа созылады (кешкі бөліктің әсері 3-4 сағатқа дейін созылуы мүмкін) - осы уақытта сұйық нәжіс жиі болады. Препараттың таңертеңгі бөлігін қабылдаудың соңында нәжіс түссіз және ашық сары сұйықтыққа айналуы керек, бұл пациенттің зерттеуге дайын екенін көрсетеді.

    Қорытындылай келе, зерттеу алдында препаратты таңдауға байланысты мыналарды ішу керек:

    Этиклен - 1 литр ерітінді (зерттеуге дейін кешке 500 мл, зерттеу күні таңертең 500 мл) және бір 2 литр рұқсат етілген сұйықтық (препараттың әр бөлігінен кейін 1 литрден);

    Фортранс - 4 литр ерітінді (зерттеуге дейін кешке 2 литр, зерттеу күні таңертең 2 литр).

    Мовипреп - 2 литр ерітінді (зерттеуге дейін кешке 1 литр, зерттеу күні таңертең 1 литр) және бір литр рұқсат етілген сұйықтық (препараттың әрбір литрінен кейін 500 мл).

    Жоғарыда көрсетілген дозаны сақтамаған жағдайда, ішек толық тазартылмайды, зерттеу жеткілікті ақпарат бермейді, колоноскопияға қайтадан дайындалып, қайтадан өту керек болады!

    Бұрынғы зерттеулердің нәтижелерін өзіңізбен бірге алып келуді ұмытпаңыз!

    UMIT онкологиялық томотерапия орталығы

    МАҢЫЗДЫ!

    Егер сіз қан қысымын, жүрек соғу жиілігін және т.б. қалыпқа келтіретін препараттарды қабылдайтын босаңыз, оларды стандартты режимде қабылдау қажет.

    Бұл препараттарды қабылдау колоноскопияға дайындық үшін препараттарды қабылдауды аяқталғаннан кейін 1 сағаттан кейін қабылдау ұсынылады.

    Егер сіз қанды сұйылтатын дәрілерді қабылдайтын болсаңыз, бұл туралы дәрігер эндоскописті зерттеуге дейін ескертіңіз

    Созылмалы іш қату болса, зерттеуге дайындыққа 3 күн бұрын іш жүргізетін дәрілерді қосымша қабылдау қажет. Дәрігер гастроэнтерологтан препаратты таңдау бойынша ұсыныстарды алған жөн

    Диарея (сұйық нәжіс) ішекті дайындау кезінде күтілетін әсер болып табылады.

    Препараттың таңертеңгі дозасының белсенді әсері қабылдағаннан кейін 1,5-2 сағаттан кейін болады, бұл кезде қарқынды сұйық нәжіс пайда болады, мұны жол жүру уақытын есептегенде ескеру керек.

    Ерітінді мен сұйықтықтың көлемін азайтуға қатаң тыйым салынады.

  • Тоқ ішекті клизма көмегімен қосымша (немесе оның орнына) тазарту процедурасын жасауға болмайды!
  • Вазелин майын қабылдауға болмайды!
  • Егер зерттеу көктамырішілік анестезиямен жүргізілетін болса, сол күні автокөлікті жүргізу, кез келген механизмдерді басқару, маңызды шешімдер қабылдау ұсынылмайды. Сізді біреудің қарсы алып, үйге дейін шығарып салғаны жөн.
  • Тоқ ішектің шырышты қабығын бүкіл ұзындығы бойынша егжей-тегжейлі зерттей отырып, колоноскопияның сәтті орындалуы зерттеуге дайындық сапасына байланысты.
  • Қазақстан, Астана қ.

    Абылай хан даңғылы, 42/1

    Байланыс орталығы:

    +7(7172) 954 484

    +7777 201 44 44

    +7 702 201 94 44