award-2023
Қазақстан, Астана қ., Абылай хан көшесі 42\1, кіру Минская көш., 24 (Майлин көш. бұрышы) жағынан

09.04.2022

09.04.2022

Соңғы жылда Қарағанды облысында 3715 обыр ауруы анықталды. Онкологтың айтуынша, бұл ауыр дертті тудыратын бірнеше факторлар бар. Олардың негізгілерінің бірі – қоршаған орта факторы.

«Ірі қалалардың тұрғындары қауіпті топқа кіреді. Әсіресе ауаның ластануы жоғары деңгейдегі аймақтар қауіпті. Яғни, өнеркәсіптік аймақтар. Мысалы, Қарағанды және Павлодар облыстары», - дейді «YMIT» халықаралық онкологиялық томотерапия орталығының онкологы және химиотерапевті Қалиолдина Нұргүл Қайсарқызы.

Тағы бір фактор - адамның өмір сүру салты. Алкогольді асыра пайдалану, темекі шегу, зиянды тағамды жеу, солярийге бару қатерлі ісіктің пайда болуына ықпал етеді. Күнде ұзақ қыздырынуа да ағзаға теріс әсер етеді. Туыстары арасында ауру жағдайлары бар-жоғына назар аударған жөн. Тұқым қуалайтын бейімділік ауру қаупін арттырады.

Онкологтың айтуынша, науқастар арасында көбіне өкпе обыры мен сүт безі обыры анықталады. Бірақ қатерлі ісіктің басқа түрлері де жиі кездеседі. Әрбір адам осы ауыр аурудың белгілерін білуі керек. Бірінші «қоңырау» - күрт салмақ жоғалту, бес килограммнан астам.

«Сонымен қатар жалпы жағдайға назар аударған жөн - шаршау, буындар мен бас ауруы, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі. Басқа белгілер: тұрақты жөтел, қақырықтағы қан, іш қату (диареямен ауысады), қызба, лимфа түйіндері қабынуы мүмкін. Әйелдерде қанды бөліністер, кеуде қуысында ісіктер болады. Теріні мұқият тексеру керек: меңнің өлшемі, пішіні немесе түсі өзгерді ме (меланоманың белгісі), - дейді дәрігер.

Дәрігер алғашқы кезеңдерінде онкология симптомсыз өтетінін және науқастарда шағымдар тудырмайтынын атап өтті. Көбінесе қатты ауырсыну қатерлі ісік нервтердің ұштарына жеткенде пайда болады. Сондықтан өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарап, медициналық тексерістен тұрақты түрде өтіп тұру керек.

«Жылына кемінде бір рет тексерілу керек, міндетті түрде қан тапсыру керек, флюорографиядан өтуді ұмытпаған жөн. Асқазан ауруы (мысалы, ойық жара) бар адамдар жылына екі рет ФГДС өтуі керек», - деп жалғастырды онколог.

Скринингтен өтуден қорықпау керек және оны ескерусіз қалдырмау керек. Скрининг – ауруды ерте кезеңде анықтау үшін белгілі бір жастағы адамдарды профилактикалық медициналық тексеру.

«Сүт безі обырын (40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер), жатыр мойны обырын (30 жастан 70 жасқа дейін) және ішек обырын (50 жастан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер) анықтау үшін үш скрининг жүргізіледі. Егер сізді скринингке шақырса, бәрін кейінге қалдырып, бару керек», - дейді дәрігер.

Обыр емделеді ме, жоқ па деген сұраққа жауап беру қиын. Мұның бәрі аурудың сатысы мен формасына байланысты. Ең бастысы - ісік қатерліге айналғанға дейін (бұл жағдайда ауру жеңуі мүмкін) онкологияны дер кезінде.

Сондықтан, қарағандылықтар, физикалық күйіңізді бақылаңыз, «дәрігерге ауырғанда барамын» деп қол сілтемеңіз.

Кәдімгі емхананың қабылдауына жазылу оңай болмаса да (біздің жүйе туралы өзіңіз білесіз), денсаулығыңызды ойлаңыз.


Возврат к списку