award-2023
Қазақстан, Астана қ., Абылай хан көшесі 42\1, кіру Минская көш., 24 (Майлин көш. бұрышы) жағынан

2023 жылғы 5 шілдеде Астананың бауырлас қалаларының форумы ашылды. Шара елорданың 25 жылдығына арналған.

2023 жылғы 5 шілдеде Астананың бауырлас қалаларының форумы ашылды. Шара елорданың 25 жылдығына арналған.

05.07.2023
  1. «Қалалардың цифрлық трансформациясы: инновациялық жобалар, бағдарламалар және технологиялар»;
  2. «Қалаларға инвестициялау экономикалық өсудің негізгі драйвері ретінде»
  3. «Болашаққа бағдарланған қала жобасы»;
  4. «Медициналық туризмнің әлемдік нарығы: өсу проблемалары мен драйверлері» және т.б.

Халықаралық сессиялар Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен бауырлас қалалардың әкімдерінің, әлемнің 15 елінің беделді сарапшыларының, әлемдік бизнес көшбасшыларының, әлемнің медициналық кластері өкілдерінің, қаржы институттарының, мемлекет қайраткерлерінің және ғалымдар, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың, жергілікті және шетелдік БАҚ өкілдері қатысуымен өтуде.

Форум қатысушылары ретінде АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Италия, Израиль, Түркия, Польша, Үндістан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Жапония, Әзірбайжан, Оңтүстік Корея сияқты елдер жарияланды. Бірқатар халықаралық келісімдерге қол қою жоспарлануда. 1300 қатысушы келеді деп күтілуде.

«UMIT» халықаралық онкологиялық томотерапия орталығы саммитке қатысып, Орталық директоры Шаяхметов Ержан Мұқатайұлы «Медициналық туризм. Дүниежүзілік туристік нарық: проблемалар және өсудің драйверлері» тақырыбындағы медицина саласындағы пленарлық отырыстың негізгі баяндамашыларының бірі болды.

Халықаралық сессия мәртебелі шетелдік қонақтардың – әлемдік медициналық туризм нарығын дамыту саласындағы беделді сарапшылардың қатысуымен өтті, ол нарықтың ағымдағы жағдайы және оның даму драйверлері туралы түсінікті қалыптастыруға арналған.

Сессия Астана қаласы үшін медициналық туризмнің әлеуетті доноры, соңғы жылдары шетелдік пациенттердің өсу қарқыны жоғары елдер -Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Беларусь, Қытай, Израиль сарапшыларының қатысуымен өтті.

Байланыстар

Tomo.kz

+7 7172 95 44 84

+7 777 201 44 44


Возврат к списку