award-2023
Қазақстан, Астана қ., Абылай хан көшесі 42\1, кіру Минская көш., 24 (Майлин көш. бұрышы) жағынан

АСТАНАДАҒЫ «UMIT» ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ТОМОТЕРАПИЯ ОРТАЛЫҒЫНДА ЕМДЕЛУГЕ КВОТАНЫ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ

АСТАНАДАҒЫ «UMIT» ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ТОМОТЕРАПИЯ ОРТАЛЫҒЫНДА ЕМДЕЛУГЕ КВОТАНЫ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ

21.02.2022

Обыр ауруы 100-ден астам түрлі ауруларды қамтиды. Қатерлі ісік дененің кез келген бөлігінде пайда болуы мүмкін. Обыр -  көп қырлы және зұлым дерт. Алайда  дәрігерлер онкологиялық ауруларды емдеу әдістерін үнемі жетілдіруде. Химиотерапия, сәулелік терапия және хирургиядан басқа таргетті терапия, иммунотерапия, гормондық терапия сияқты салалар қарқынды дамып келеді.

Қазақстанда сәулелік терапия обырды емдеудің кең таралған әдістерінің бірі болып табылады. Ал енді еліміздің кез келген аумағында тұратын қазақстандықтар онкологиялық ауруларды емдеудің ең заманауи түрі – томотерапия емін  ала алады.

Томотерапияның негізгі артықшылықтарының бірі - инновациялық технологиялардың арқасында кез келген көлемдегі, кез келген пішіндегі және кез келген, тіпті ең күрделі жерде орналасқан ісік сәулеленудің ең жеткілікті дозасының өте дәл әсеріне ұшырайды. Бұл доза ісік бойына біркелкі тарайды және де  сау тіндерді  мүмкіндігінше айналып өтеді.

Дозаны берудің дәлдігі және оның оңтайлы мөлшері тиімді терапия үшін өте маңызды. Обырды классикалық сызықтық үдеткіштермен емдеу кезінде  ісіктерді толығымен сәулелендіру және сонымен бірге сау қоршаған тіндерді айналып өту мүмкіндігі шектеулі. Айналадағы тіндердің зақымдану қаупі бар. Егер дозаны азайтса,  емдеу процесі ұзаққа созылады, оның тиімділігі төмендейді және жанама әсерлердің ықтималдығы артады.

«UMIT» халықаралық онкологиялық томотерапия орталығы Қазақстанда және Орталық Азияда бірінші болып Accuray компаниясының TomoTherapy HD құрылғыларын қолдану арқылы онкологиялық науқастарды сәулелік терапияға қабылдай бастады. Томотерапияның пайдасы туралы толығырақ мына жерден: Томотерапия — добрая надежда для онкобольных  және мына жерден оқыңыз: Томотерапия — онкологиялық ауруы бар науқастарға арналған жылы үміт.

Онкологиямен күресудегі сәулелік терапияның жаңа әдісі және оны квота бойынша тегін алу мүмкіндігі туралы «UMIT» Қазақстандағы алғашқы Халықаралық онкологиялық томотерапия орталығы директорының орынбасары Усабекова Сәния Хамидуллақызы айтып берді.

- Сәния Хамидуллақызы, томотерапия көмегімен емдеу дегеніміз қалай? 

– Томотерапия – фотонды сәулелерді қолдану арқылы жүргізілетін сәулелік терапияның жаңа түрі. Ол былайша әрекет етеді: сәулелену кезінде фотондар қоршаған сау тіндерге тиместен обыр жасушаларын «күйдіреді». Томотерапияның қатерлі ісіктерді емдеудің басқа түрлерінен негізгі айырмашылығы осында. Әдістің жаңашылдық сипаты құрылғының қатерлі ісік ошағын анықтап, оны дәл күйдіретіндігінде. Фотон сәулесі мыңдаған шағын сәулелерге бөлінеді және сәулелену бірден бірнеше аймаққа әсер ете алады.

Сәулелену дозасын дәрігерлер аурудың ошақтарына байланысты анықтайды. Тіпті аурудың соңғы сатысында, ісіктерді жою мүмкін болмаған кезде де, томотерапияның әсерінен ол азайып, өмірлік маңызды органдарды қысуды тоқтатады. Ауырсыну азайып, адам өзін жақсырақ сезіне бастайды.

– UMIT орталығында емделу қанша тұрады? Тегін емделу үшін  квота алуға болады ма?

– Барлығы диагнозға байланысты. Емдеу процедураларының санын дәрігерлер анықтайды. Кейде науқасқа 5 сеанс жеткілікті, кей жағдайда олардың саны 20 немесе 40-қа жетеді. Орталық тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККК) қосылған. Бұл дегеніміз, бізде адамдар квота бойынша мемлекеттің қолдауымен емделе алады.

Бізде жоқ қызметтерді Ұлттық ғылыми медициналық орталықтан алуға болады. Осы мақсатта томотерапия орталығы ҰҒМО-мен келісім-шарт жасасқан, біз серіктеспен бір жерде орналасқанбыз.

– Мемлекеттік тапсырыс бойынша тегін емделу үшін қандай құжаттар қажет?

- Квота бойынша емделу мүмкіндігін алу үшін келесі құжаттарды жинау қажет: онкологтың жолдамасы; ауруханадан шығу парақтары,  алдыңғы зерттеулердің қорытындылары, ПЭТ/КТ және/немесе МРТ бейнелері түсірілген диск. Құжаттар мұрағатталып, емделушінің аты-жөнімен мұрағаттық файл ретінде сақталуы және info@tomo.kz мекенжайына пошта арқылы жіберілуі тиіс. Хатта байланыс үшін байланыс телефоны болуы керек.

Әрбір жағдайды біздің дәрігерлер жеке қарайды. Жіберілген өтініш 2 күн ішінде қаралады.

- Томотерапия сеансының ұзақтығы қандай?

- Емдеу науқасты дайындауды қосқанда 20-30 минутты алады, ал сәулелену процесінің өзі небәрі 5-7 минутқа созылады. Орталықта емдеуге арналған екі құрылғы бар. Бұл Accuray (АҚШ) компаниясы шығарған инновациялық TomoTherapy HD сәулелік терапия құрылғылары. Олар онкологияда алтын стандарт ретінде танылған.

Әлемде екі қондырғы бірден параллель қолданылатын бірнеше орталықтар ғана бар. Бұл не үшін керек? Емдеу басталғаннан кейін оны үзбеу керек. Бір машина істен шықса, екіншісі бар делік. Екі қондырғының арқасында біз бір күнде  көп науқастарды қабылдай аламыз.

- UMIT томотерапия орталығында қосымша бонустар немесе акциялар болып тұрады  ма?

– 2021 жылдың наурыз айынан бастап біздің томотерапия орталығында радиациялық онкологтардың тегін онлайн және офлайн кеңестері үздіксіз жүргізіліп келеді. + 7 7172 95 44 84 телефоны арқылы дәрігердің қабылдауына жазыла аласыз немесе info@tomo.kz электронды поштасына құжаттарыңызды жібере аласыз.

- Томотерапия орталығын қалай табуға болады? Оның ресми сайты бар ма?

- Біздің сайтымыз: www.tomo.kz     Instagram: tomocenter.kz

– Сізге шетелден емделуге адамдар келеді ме?

– Онкологиялық ауруларды емдеуге деген қажеттілік өте жоғары. Басқа елдерден өтініштер түседі, адамдар келеді. Емханада емдеу Еуропа мен АҚШ клиникаларына қарағанда әлдеқайда арзан.

Біз өз кезегімізде медициналық туризмді дамытумен айналысамыз. Біз шетелдік пациенттердің елімізде жайлы орналасуы мен емделуіне қатысты барлық ұсақ-түйек мәселелерін ескеру мақсатында логистика жағын пысықтап жатырмыз. 

UMIT Халықаралық онкологиялық томотерапия орталығы JCI халықаралық сертификаттаудан сәтті өтті, бұл орталықтың сапалы медициналық қызмет көрсетудің жоғары стандарттарына сәйкестігін және пациенттердің қауіпсіздігінің барлық ережелерін қатаң сақтауын растайды.

UMIT орталығында шетелдік танымал онкологиялық клиникаларда күрделі дайындықтан өткен тәжірибелі мамандар тобы жұмыс істейді. Дәрігерлер, зерттеу және емдеу әдістері туралы толығырақ келесі сілтемелерден оқыңыз:

Рак груди: не надо бояться маммолога!

Новое в лечении рака: современная химиотерапия

Всё о маммографии: кому, для чего, когда и как

Томотерапия в лечении детской онкологии

Медицинские физики – невидимый фронт в борьбе с раком

Лазерная хирургия: родинки, папилломы, онкология

Как эндоскопия помогает выявить рак на ранней стадии

Сүт безінің қатерлі ісігі: маммологтан қорқудың қажеті жоқ!

Қатерлі ісік еміндегі жаңашылдық: заманауи химиотерапия



Возврат к списку