award-2023
Қазақстан, Астана қ., Абылай хан көшесі 42\1, кіру Минская көш., 24 (Майлин көш. бұрышы) жағынан

Сүт безінің қатерлі ісігі туралы білуіңіз қажет

Сүт безінің қатерлі ісігі туралы білуіңіз қажет

18.10.2021
Ганновер медицина институтының медицина докторы, онколог-маммолог және химиотерапевт Бримова Айгуль Демеугалиевна тек Қазақстанда ғана емес, бірнеше батыс елдерінде, атап айтсақ, Германия, Австрия, АҚШ-та білім алған. Айгуль Демеугалиевна – АҚШ-тың NCBC маммологиялық орталық консорциумының толық мүшесі. Дәрігер UMIT томотерапия онкологиялық орталығында қабылдайды.
Қазақстанда орта есеппен қатерлі ісікпен 3500-ге жуық әйел анықталады. Олардың 1400-і өкінішке орай қайтыс болады. Бұл 45%-ға жуық болып есептеледі.
Өкінішке орай сүт безі қатерлі ісігінің ерте белгілері жоқ. Ісік ерте кезеңінде анықталмайды, ауру сезімі, түйіндер, бөлінділер жоқ, әйелді ешнәрсе мазаламайды. Сондықтан 40 жастан бастап скрининг өту, маммография жасау қатерлі ісікті ерте кезеңінде анықтауда өте маңызды.

Ерте қатерлі ісікті тек маммографияда көруге болады. Сүт безінің қатерлі ісігі ерте кезеңде топтасқан микрокальцинаттар ретінде көрінеді. Яғни бұл - рентген суретте ғана көруге болатын өте майда нүктелер.

Жалпы, кез келген қыз етеккір келгеннен бастап, жылына 1 рет маммологқа қаралуы керек. Себебі сүт безіндегі кез келген өзгерісті тек маман ғана анықтап көре алады. Бұл кез келген патологияны анықтап, оның дамуына жол бермеуге жеткілікті болады.

Егер сіз:
- бір сүт безі екіншісінен визуальды ерекшеленетінін;
- сүт безінде қызарудың пайда болғанын;
- емшек ұшы өзгергенін, оның қатты, ісіп немесе тартылып қалғанын;
- емшек ұшынан қан кеткенін;
- сүт безі терісінде шұңқырдың пайда болғанын анықтасаңыз, дереу маммологқа қаралуыңыз қажет.

Маммологқа барудан қорықпау керек. Өкінішке орай, егер әйел сүт безінде түйін анықтаса, ол дәрігерге баруға қорқады. Бірақ мұндай іс-әрекетімен, проблемадан қашу арқылы олар ауру ағымын қиындатады және болжамды нашарлатады.

Возврат к списку