award-2023
Қазақстан, Астана қ., Абылай хан көшесі 42\1, кіру Минская көш., 24 (Майлин көш. бұрышы) жағынан

UMIT орталығында балалар обырын томотерапия көмегімен қалай емдейді

UMIT орталығында балалар обырын томотерапия көмегімен қалай емдейді

13.06.2022

«Балалар» және «обыр» - бұл екі сөзді қатар қойғымыз келмейді. Бірақ, өкінішке орай, өмірде осындай жағдай орын алады... Не істеу керек? Ең бастысы, басыңды құмға жасырмай, күресу керек. Өйткені, көбінесе бұл диагноз – кесілген үкім емес.

TOMOTЕРАПИЯ сияқты сәулелік терапияның заманауи технологиялары кішкентай пациенттерді құтқаруға және ауруды мәңгілікке ұмытуға көмектеседі. Сондықтан оны балалар онкологиясында сәулелік терапияның алтын стандарты деп атайды.

Астана қаласындағы "UMIT" халықаралық онкологиялық томотерапия орталығында кішкентай науқастарды сау тінін мүмкіндігінше сақтай отырып, 30 сантиметрге дейінгі ірі ісіктерді, маңызды мүшелердің - мысалы, жүректің, ауыз қуысының шырышты қабаты, өңеш немесе жұлынның жанында орналасқан күрделі конфигурациялы және геометриялы түзілімдерді сәулелендіруге мүмкіндік беретін заманауи томотерапия құрылғыларында тегін емдейді.

Кәдімгі сызықтық үдеткіштерде мұндай әсерге қол жеткізу іс жүзінде мүмкін емес.

Мұнда обырдың барлық дерлік түрлерін емдеуге болады:

  • бас миының және жұлынның ісіктері;
  • сүт бездерінің обыры;
  • өңештің обыры;
  • өкпе обыры;
  • өкпеқап мезотелиомасы және т.б.

«UMIT» халықаралық онкологиялық томотерапия орталығында емдеу туралы толығырақ бейнесюжетте.


Возврат к списку