award-2023
Қазақстан, Астана қ., Абылай хан даңғылы 42/1, кіру Минская көш., 24 (Майлин көш. бұрышы) жағынан

Маммология

Маммология

Маммолог ― сүт бездері ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алумен айналысатын дәрігер. Бұл маманның көмегі әйелдерге де, ерлерге қажет болуы мүмкін, алайда нәзік жандылар кеуде патологиясы қаупімен көбірек кездеседі. Егер сіз тәжірибелі маммологтың кеңесін қажет етсеңіз, біздің Орталыққа хабарласыңыз. Біз пациенттерге сүт бездері ауруларын диагностикалау мен емдеудің озық мүмкіндіктерін ұсынамыз.

Біздің емхана сізге көмектеседі

Маммологқа қашан жүгіну керек?

Әйелдер әр ай сайын өзін-өзі тексеріп тұруы қажет, ол үшін айнаның алдында омырауын мұқият қарау және тіннің қалыңдап қатаю немесе ауырсыну бар ма деп қолмен басып көру керек. Өзін-өзі тексеруді етеккірден кейін бір апта ішінде жасаған дұрыс. Егер пациент тексеруден кейін мына жағдайларды байқаған болса, маммологтың кеңесіне міндетті түрде жүгіну қажет:

  • емшек/емшек ұшы өлшемі немесе пішінінің өзгеруі;
  • тері астындағы қалыңдап қатаюлар немесе түйіндер;
  • сүт бездері аймағында ауырсыну немесе ісіну;
  • емшек ұшынан әдеттен тыс бөліну;
  • емшек терісінде қызару немесе жаралар;
  • бір емшек ұшының тартылуы;
  • қолтық асты лимфа түйіндерінің ұлғаюы және т.б.

Өзін-өзі диагностикалау ешқандай өзгеріс көрсетпесе де, әйелдерге жыл сайын маммологқа кәсіби профилактикалық тексеруден өтуге кеңес береміз. Сондай-ақ мына жағдайларда дәрігердің кеңесі қажет:

  • сіз гормондық терапиядан өтуге дайындалудасыз;
  • жүктілікті жоспарлап жатсаңыз немесе түсік жасатсаңыз;
  • кеуде қуысының кез келген жарақатын алған болсаңыз;
  • сүт бездеріне пластикалық ота жасатпақсыз, т.б.

Ерлер маммологқа мына жағдайларда жүгінеді:

  • кеуде аймағында ауырсыну пайда болғанда;
  • сүт бездері ісінгенде, ұлғайғңанда, тығыздалғанда;
  • емшек ұшынан бөлінділер пайда болғанда;
  • кеуде терісінде қанды ісік немесе жазылмайтын жаралар анықталғанда;
  • емшек ұшының әдеттен тыс дөңес немесе кері тартылу кезінде және т.б.

Емшек обыры - тек әйелдер ауруы ғана емес, ол ерлерде де жиі кездесетін диагноз. Маманға неғұрлым тезірек хабарлассаңыз, сәтті емделу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.

Маммологқа қай уақытта барған дұрыс?

Бала туатын жастағы әйелдер үшін профилактикалық тексеру мақсатында дәрігерге етеккір циклінің 5-12 күндері барған дұрыс. Бұл кезеңде гормоналды фон қалпына келіп, жасалатын тексерулер тіндегі қандай да бір ұсақ өзгерістерге де анықтауға мүмкіндік береді.



Егер әйел баласын емшекпен емізетін болса, маммологқа емізуді тоқтатқаннан кейін 2-3 айдан кейін барған жөн. Маманға жоспардан тыс бару себептеріне емшек ұшының жарылуы, емізудегі қиындықтар, лактостаз белгілері және т.б. болуы мүмкін.



Етеккірі үзілген әйелдерге ешқандай шектеулер қойылмайды. Бұл кезеңде жыныстық гормондардың түзілуі бәсеңдеп, емшек етеккірмен байланысты өзгерістерге көп түспейді, сондықтан дәрігерге кез-келген уақытта бара беруіне болады.

Сүт бездері ауруларын диагностикалау әдістері.

Зертханалық зерттеулер. Сүт бездерінде анықталған жаңа өскіндердің сипатын нақтылауға, сондай-ақ тіндердегі қабыну процестерін диагностикалауға мүмкіндік береді.

  • Гормоналдық күйді бағалау. Емшектің көптеген аурулары жыныстық гормондармен тікелей байланысты. Емдеу әдісін айқындау үшін дәрігерге эстроген, прогестерон, пролактин және т.б. қан талдауы қажет болады.
  • Пункциялық биопсия. Тексеру ультрадыбыстық зерттеу немесе маммография кеуде қуысында қатайып қалыңдауды көрсеткен жағдайда жүргізіледі. Пункция әрі қарай зертханада зерттеу үшін ісік жасушаларын жинауды қамтиды. Бұл емшек обырын анықтаудың жалғыз жолы.
  • Цитологиялық зерттеу. Әйелдерде емшекпен емізу кезеңінен тыс емшек ұшынан ағудың пайда болуы гормоналды фонның өзгеруін көрсетуі мүмкін. Қабыну патологияларының бар-жоғын анықтау үшін биоматериал талдауға жіберілуі керек.
  • Онкологиялық маркерлер. Қан талдауы емшек обырын ерте диагностикалау үшін жасалуы мүмкін. Онкологиялық маркерлерге зерттеу жоғары сезімталдығымен және ақпараттылығымен ерекшеленеді.

УДЗ. Сүт бездерінің ультрадыбыстық зерттеуді оның қауіпсіздігі мен ауыртпалықсыздығына байланысты шектеусіз жүргізуге болады. Ультрадыбыстық зерттеу көмегімен тіндердегі ісіктерді анықтауға және олардың орналасуын анықтауға болады. Зерттеуді жүргізудің ең жақсы уақыты - овуляцияның басталуына дейін, яғни 28 күннен тұратын етеккір циклінінен 5-12 күн кейін және 28 күннен ұзақ етеккір циклінен 7-14 күннен кейін.

Маммография. Рентгендік диагностиканың бұл әдісі жаңа өскіндерді ең ерте кезеңдерде анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеудің көмегімен кисталарды, фиброаденомаларды, кальцинаттарды, мастопатияларды және басқа патологияларды анықтауға болады. Маммография, радиациялық диагностиканың басқа әдістері сияқты, тез және ауыртпалықсыз өтеді, сондай-ақ науқастың алдын ала дайындалуын қажет етпейді.