award-2023
Қазақстан, Астана қ., Абылай хан даңғылы 42/1, кіру Минская көш., 24 (Майлин көш. бұрышы) жағынан

Салауатты тамақтану орталығы

Обырды емдеу кезіндегі тамақтану рационы туралы

Обыр ауруымен ауыратын адамдар үшін дұрыс тамақтану өте маңызды. Рационыңызға емдеу кезінде сізге көмек беретін  кейбір өзгерістерді қазір енгізе аласыз.  Дұрыс тамақтану қағидаларын  ұстана бастаңыз. Ол сізге көбірек күш береді, оңтайлы салмақты сақтауға және инфекциялармен күресуге көмектеседі. Бұл тіпті емдеудің жанама әсерлерін жоюға немесе тіпті алдын алуға көмектеседі.

Емдеуді бастағаннан кейін үйреншікті тамақтану рационын ұстану қиынға соғуы мүмкін. Сізге қажетті қоректік заттарды алу үшін рационыңызға өзгерістер енгізу (әртүрлі тағамдар мен сусындарды қосу) қажет болуы мүмкін. Қазіргі уақытта шектеулі диеталар (белгілі бір тағамдарды немесе қоректік заттарды алып тастайтын тамақтаны рационы) обыр ауруымен ауыратын адамдар үшін қауіпсіз екенін көрсететін зерттеулер жеткіліксіз.

Ең бастысы - емдеу кезінде ағзаңыздағы күшті сақтау үшін қажетті калория мен ақуызды алатыныңызға көз жеткізу. Сондықтан осы материалдағы кейбір ақпарат сіз әдетте ұстанатын диеталық ұсыныстардан өзгеше болуы мүмкін. Егер сізде сұрақтар туындап жатса, диетолог немесе гастроэнтерологпен кеңесіңіз.

Тамақтану бойынша жалпы ұсыныстар

Recipes for People with Cancerarch for recipes according to diet type or symptom.

Тағамдық қоспалар

Диеталық қоспалар — бұлар дәрімендер, минералдар және өсімдік қоспалары.

Сіз барлық қажетті қоректік заттарды жақсы үйлестірілген тамақтану арқылы ала аласыз. Бірақ үйлестірілген диетаны сақтау қиын болса, сізге төмен дозада мультидәрімендерді  және минералды қоспаларды қабылдау көмектесуі мүмкін. Бұл жағдайда дозаның аз болуы қоспа құрамында кез келген дәрумен немесе минералдың ұсынылатын тәуліктік мөлшерінің (RDA) 100% аспайтынын білдіреді.

Қазіргі уақытта көптеген антиоксиданттар, шөптер немесе қосымша дәрумендер мен минералдар обыр ауруын емдеуге және сауығып кетуге көмектесетінін дәлелдейтін зерттеулер жеткіліксіз. Обырды емдеудің нақты түріне байланысты тым көп қоспаларды қабылдау сізге зиян келтіруі немесе емдеу барысына әсер етуі мүмкін.

Егер сіз қандай да бір тағамдық қоспаларды қабылдағыңыз келсе, алдымен дәрігеріңізбен кеңесіңіз.

Азық-түлік қауіпсіздігі

Обырды емдеу кезінде сіздің ағзаңыз инфекциямен күресу үшін көп күш жұмсайды.  Сіз үшін жейтін тағамның қауіпсіз екеніне көз жеткізу бұрынғыдан да маңызды. Бұл тағамнан уланудан және басқа инфекцияларды жұқтыру қаупінен аулақ болуға көмектеседі. Қосымша ақпарат алу үшін Обырды емдеу кезінде азық-түліктерді қауіпсіз қабылдау материалын оқыңыз.

Химиотерапияға арналған тамақтану жөніндегі Нұсқаулық
Біздің клиника Сізге көмектеседі