Урология
Урология – бүйрек, зәр шығару жолдары және ерлердің жыныс мүшелерінің ауруларын зерттейтін медицина саласы.
Дәрігер-уролог - бұл несеп-жыныс жүйесінің ауруларын диагностикалау, алдын алу және емдеумен айналысатын тар бейінді маман. Уролог дәрігерлер несепағарлардың, қуықтың және уретраның жұмысындағы проблемаларды шешуге көмектеседі, жыныстық жолмен берілетін ауруларды, кіші жамбас мүшелерінің қабыну патологияларын, сондай-ақ жыныстық бұзылуларды және ерлердің репродуктивті органдарының басқа да ауруларын емдейді.
Урологиялық ауруларды диагностикалау
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, пациент маманға кеңес пен медициналық көмекке неғұрлым тезірек жүгінсе, толық және жылдам емделіп шығу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Дер кезінде диагноз қою және тиісті емдеуді тағайындау үшін бейінді маман кешенді тексеру өткізіп, ер адам денсаулығының жай-күйі туралы егжей-тегжейлі көріністі қолына алуы тиіс.
Уролог дәрігердің бастапқы кезеңдегі диагностикасы мыналарды қамтуы мүмкін:
- Кеңес беру, тексеру және анамнез жинау (ауру тарихы). Бұл қабыну процестерінің белгілерін, тері мен тіндердің күйін, жыныс мүшелерінің туа біткен ауытқуларын немесе басқа патологияларды анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, тексеру кезінде маман ерлердің денсаулығы үшін маңызды болып табылатын ұма мен қуықасты безін қолмен зерттеп тексереді.
- Ерлердің денсаулық жағдайын нақтылау үшін жағындылар алынады. Бұл уретрадағы, қуықтағы немесе простатадағы патогендік микроорганизмдердің болуын, қабыну процестерін анықтауға көмектеседі.
- Қан, зәр және қуықасты безінің сөлін тексеру. Бұл науқас ағзасының жалпы жағдайын, қабыну процестерінің болуын және басқа да өзгерістерді анықтауға көмектеседі.
- Ультрадыбыстық зерттеу.
- Онкоскрининг (қажет болған жағдайда).
- Әрі қарайғы іс-шаралар жоспарын анықтау.
Урологтың қабылдауына қашан жазылу керек?
Көптеген «ерлер» аурулары бастапқы кезеңдерде ешқандай белгі бермеуі мүмкін. Ауру бірнеше жылға созылып, ұзақ уақыт бойы жасырын даму да мүмкін. Ауру ұзақ емделуді қажет ететін күрделі сатыға көшкен кезде ғана сезіне басталуы ықтимал. Сондықтан біз әрбір ер адамға жылына кемінде бір рет арнайы маманнан денсаулығына «ТЕКСЕРІС» жасауды ұсынамыз.
Медициналық тәжірибеде дереу дәрігерге жазылып, медициналық көмекке жүгінуді қажет ететін бірқатар белгілер анықталды, олар:
- жыныс мүшелерінің бетінде бөртпенің пайдала болуы, түлеу, қызару;
- ауырсыну, қышу, дызылдау сезімі;
- зәр шығару кезінде қиындық, ыңғайсыздық және/немесе ауырсыну;
- жыныстық қатынас кезінде немесе одан кейін ауырсыну;
- лимфа түйіндерінің ұлғаюы.
Қызметтер
- Кеңес беру
- Уретраға дәрі тамызу
- Простата сөлін алу
- Қарап тексеру цистоскопиясы
- Уретрадан жағынды алу
- Зәрді катетермен шығару
- Шат үстіндегі дренажды ауыстыру
- Қуықасты безін уақалау
- Политэктомия
- Қуыққа дәрі тамызу
- Бөгде денені алып тастаумен цистоскопия
Ерлерде де, әйелдерде де кездесетін бірқатар урологиялық аурулар бар. Оларға, атап айтқанда, бүйрек (пиелонефрит), несепағарлар, қуық (цистит, көп белсенді қуық синдромы), несеп-тас аурулары және т.б. жатады.
Дегенмен де, урологтарға жиі жүгінетіндер – ерлер. Оларды дәрігердің қарауына жыныс мүшелерінің аурулары алып келеді: қуықасты безінің, несеп жолының қабынуы, жыныстық функцияның бұзылуы және т.б. Сонымен қатар, уролог ерлер бедеулігі мәселелерімен айналысады.
Біздің орталық урологиялық ауруларды диагностикалауға және емдеуге арналған ең заманауи жабдықтармен жасақталған және де көптеген қызмет түрлерін ұсынады:
- цистит, зәрді ұстамау және басқа зәр шығару бұзылыстарын емдеу;
- қозу әрекетсіздігін (импотенцияны), жеделдетілген шәуіт шығаруды кешенді емдеу, еркек қауқарын және жыныстық қатынастың сапасын қалпына келтіру;
- ерлер бедеулігін емдеу, ең заманауи медициналық және хирургиялық әдістерді қоса алғанда, сондай-ақ сперманы жасанды жолмен енгізу, ЭКО, ICSI, PICSI сияқты қосалқы репродуктивті технологияларды қолдануға дайындық;
- созылмалы простатитті, везикулитті емдеу;
- жасқа байланысты андроген тапшылығын, сондай-ақ семіздікте, метаболикалық синдромға байланысты андроген тапшылығын кешенді диагностикалау және түзету (алдын ала толық зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша);
- қуықасты безінің қатерсіз гиперплазияны диагностикалау және консервативті терапияны таңдау (бұрын «қуық асты безінің аденомасы» термині қолданылған ҚБҚЗГ);
- Қуық асты безінің және ұрықтық көпіршіктердің, қуықтың, бүйректің УДЗ(соның ішінде трансректалды); қозудың бұзылысы кезінде жыныс мүшесі тамырларының доплерографиясы;
- толық зертханалық тексеру, жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды емдеу;
- жалпы анестезияны қолдану мүмкіндігімен өзіміздің толық жабдықталған ауруханада урологиялық операцияларды (оның ішінде микрохирургиялық операцияларды) жасау: сүндеттеу, жетіспейтін немесе алынған аталық безді протездеу, жыныс мүшесінің қисаюын түзету; варикоцеле, атабез қабықтарының шемені кезінде операциялар; аталық безде, қосалқыда және жыныс мүшесінде жаңа өскіндерді алып тастау; хирургиялық араласудың басқа түрлері.
Урологиялық аурулардың алдын алу
Мамандар мынаған назар аударады: жасы ұлғайған сайын урологиялық мәселелердің қаупі айтарлықтай артады. Сондықтан ерлерге де, әйелдерге де, әсіресе 40-50 жастан кейін, жылына кемінде бір рет урологқа бару ұсынылады. Толық тексерілу және диагностика жасау көптеген мәселелерді клиникалық көріністер басталғанға дейін анықтауға және уақытында қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.
Екінші жағынан, дененің әлі де қалыптасу кезеңі болып табылатын жасөспірімдік шақта да урологтың кеңесіне бару ұсынылады. Осы кезеңде нормадан шамалы ауытқулар анықталуы мүмкін, мысалы, шәуіт бауы тамырларының варикозды кеңеюі, сыртқы жыныс мүшелерінің проблемалары және ұрық бездерінің жеткілікті түспеуі. Урологқа уақытылы жүгіну бұзушылықтарды түзетуге және жасөспірімнің денесінің дамуына және оның денсаулығына кәсіби бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Пациенттердің ерекше тобы - некеге дейін немесе бала тууға дайындық кезінде тексеруден өтетін ерлер. Бүгінгі таңда дәрігерге бару туралы саналы шешім қабылдау және өз денсаулығына көңіл бөлу, сондай-ақ отбасын жоспарлауға жауапкершілікпен қарау секілді бүкіл әлемде ерлер арасында жаңа оң үрдіс байқалады.